«Нұрсұлтан Назарбаев Білім беру Қоры» Қоғамдық қорының филиалы - Алматы қ. Халықаралық «Мирас» мектебінің директоры Власянц Ирина Рамильевна.
Власянц Ирина Рамильевна 1999 жылғы қыркүйектен бастап Алматы қ. Халықаралық «Мирас» мектебінде жұмыс істеп келеді. «Мирас» мектебі 2021 жылы И.Р. Власянцтің басшылығымен Халықаралық Мектептер Кеңесінің аккредитациясынан сәтті өтті.
Ирина Рамильевнаның тікелей басшылығымен «Мирас» мектебінде Оқытудың заманауи инновациялық әдістері мен формалары кеңінен қолданыс табуда, сонымен қатар мектепте оқушылардың жетістіктерін бағалаудың халықаралық стандарттары енгізілді. Мектеп - халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі.
И.Р. Власянц Дипломдық бағдарламаның студенттеріне арналған «Орыс тілі» әдістемелік нұсқаулығының авторы, оның авторлығымен қазақстандық және ресейлік басылымдарда бірқатар әдістемелік және ақпараттық мақалалар жарияланды. Мектеп директоры өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру бойынша үнемі қызу жұмыс істейді: халықаралық және республикалық конференциялар мен семинарларда баяндамалар жасады, IB, in-thinking, Халықаралық Мектептер Кеңесі, EdCrunch (2018-2021жж) желісі бойынша CIS және ХБМҚ (АШМБ) конференциялары секцияларының жұмысын жүргізді.
И.Р. Власянц - барлық оқушыларға білім берудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жаңашыл директор. Оның жалпы және кәсіби мәдениетінің жоғары деңгейлі болуы, заманауи мектепті басқару теориясы мен оны меңгеру практикасын үнемі жетілдіріп отыруы алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі жоғары нәтижелері үшін мемлекеттік наградалармен: «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағымен және төсбелгісімен және білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі жетістіктері үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Білім саласындағы еңбегі үшін Ирина Рамильевна «Құрмет» орденімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
И.Р. Власянц CIS аккредиттеу комиссиясының мүшесі болып табылады, Талдықорған қаласындағы НЗМ-ға және Филиппиннің Багуи қаласындағы Brent International school-ға барған аккредиттеу сапарлары құрамында жұмыс істеді. Санкт-Петербург қаласындағы ХБМҚ (АШМБ) желісі бойынша «Жыл директоры» байқауының жеңімпазы.
И.Р. Власянц - халықаралық білім беру ұйымында үлкен тәжірибесі бар заманауи басшы. Ол жоғары кәсібилігімен, стратегиялық ойлауымен және басқарудың заманауи тиімді стилімен ерекшеленеді. Ирина Рамильевна - Халықаралық мектеп педагогінің бейініне сәйкес келетін, оқушылардың, ата-аналардың және мектеп қызметкерлерінің жоғары беделі мен құрметін иемденген, зиялы, ашық, шығармашылықпен жұмыс істейтін адам.
Машура Анна Валерьевна
директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары
Alejandro Zepeda
директордың орта мектеп бойынша орынбасары
Владимирова Елена Георгиевна
директордың орта мектеп бойынша оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары
Илашева Гаухар Камаладинқызы
директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, география және биология пәндері мұғалімі
Қасымова Индира Мәлікқызы
директордың қаржы жөніндегі орынбасары - бас бухгалтер
Ronel Prinsloo
директордың бастауыш мектеп бойынша орынбасары, ағылшын тілі пәні мұғалімі
Укубасова Динара Тулегенқызы
бастауыш мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
Молдағалықова Құралай Толдыбекқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі (кафедра меңгерушісі)
Мамедова Айтан Джаббаркызы
ағылшын тілі B пәні мұғалімі (кафедра меңгерушісі)
Маткерімова Раушан Ажарбекқызы
француз тілі пәні мұғалімі
Михайлова Любовь Олеговна
MYP үйлестірушісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі
PA170385
Elize Marais
ағылшын тілі B пәні мұғалімі
Приходченко Наталья Николаевна
бейнелеу өнері пәні мұғалімі (кафедра меңгерушісі)
Анисимова Елена Николаевна
бастауыш сынып мұғалімі
Кингушанова Татьяна Ивановна
бастауыш сынып мұғалімі
Семенова Елена Викторовна
бастауыш сынып мұғалімі
Матжанова Гүлмира Жүсіпқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Құрымбаева Гүлжанат Қаниятқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Үкібасова Динара Төлегенқызы
ағылшын тілі пәні мұғалімі
Тұрсынова Айнаш Ақжанқызы
қазақ тілі пәні мұғалімі
Шадрина Татьяна Александровна
орыс тілі A/B пәні мұғалімі (кафедра меңгерушісі)
Кеневич Наталья Викторовна
орыс тілі пәні мұғалімі
Баяхметова Гүлнар Досмұханқызы
Орыс тілі А пәні мұғалімі
Ауғанова Айдана Болатбайқызы
математика пәні мұғалімі (кафедра меңгерушісі)
Гуральник Игорь Романович
физика, математика пәндері мұғалімі
Сыбайласова Жанар Игорьқызы
математика пәні мұғалімі
Raymond Anyumba Omondi Obonyo
математика пәні мұғалімі
Керімбай Ерлан Сәкенұлы
физика пәні мұғалімі
Idil Guvenc
биология пәні мұғалімі
Erdal Karacal
химия пәні мұғалімі
Сунгатуллин Хамит Мажитович
математика/АКТ пәндері мұғалімі (кафедра меңгерушісі)
Ненашева Елена Алексеевна
тарих пәні мұғалімі (кафедра меңгерушісі)
Сычёв Алексей Васильевич
дене тәрбиесі пәні мұғалімі (кафедра меңгерушісі)
Вареник Михаил Евгеньевич
дене тәрбиесі пәні мұғалімі
Клименчук Мария Евгеньевна
психолог (кафедра меңгерушісі)
Rachael O’Dwyer
бейнелеу өнері пәні мұғалімі
Дүйсенбаева Рита Серікқызы
мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының координаторы, ағылшын тілі пәні мұғалімі
Аққожина Сабира Әмірғалиқызы
қазақ тілі пәні мұғалімі
Кулешова Ирина Александровна
бастауыш сынып мұғалімі
Құрамысова Рая Амантайқызы
мектеп дәрігері