Мазмұнға өту
Miras International School Almaty
Өтінім беру
Primary pupils exploring the world at Miras Almaty

Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебі

Қазақстандағы алғашқы Халықаралық бакалавриат (IB) мектебі

IB мектебі

«Мирас» мектебі ізденімпаз, жан-жақты білімді және жауапкершілігі жоғары оқушыларды дамытуға жағдай туғыза отырып, балабақшадан бастап мектепті аяқтағанға дейінгі білім алудың барлық сатысында Халықаралық бакалавриаттың (IB) барлық үш білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Біздің білім беру бағдарламамыз Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен IB бағдарламасы талаптарын кіріктіреді, сондай-ақ Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) стандартын да ескереді. Мұның барлығы әрбір оқушының жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бастауыш мектеп бағдарламасы

3–11 жас

«Мирас» халықаралық мектебінің бастауыш білім беру бағдарламасы 3 жастан 10 (11) жасқа дейінгі балаларға арналған және Халықаралық бакалавриаттың бастауыш мектеп бағдарламасы (IB PYP) талаптары мен ҚР мемлекеттік білім беру стандартын ескере отырып әзірленген.

Толығырақ білу →

Орта мектеп бағдарламасы

11–16 жас

«Мирас» халықаралық мектебінің орта мектеп бағдарламасы 11-16 жас аралығындағы оқушыларға (5-10-сыныптар) арналған. Бағдарлама Халықаралық бакалавриаттың орта мектеп бағдарламасы (IB MYP) талаптары мен ҚР мемлекеттік білім беру стандартын ұштастырады.

Толығырақ білу →

Дипломдық бағдарлама

16–18 (19) жас

«Мирас» халықаралық мектебінің жоғары сыныыбындағы оқу үдерісі оқушыларды академиялық тұрғыдан даярлауға, кәсіби бағдар беруге және әлемнің жетекші университеттерінеоқуға түсу үшін дайындауға бағытталған.

Толығырақ білу →

Неліктен «Мирасты» таңдайды?

Miras almaty students on campus Толығырақ

Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебі Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру бағдарламасы мен Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасын біріктіретін бірегей білім беру моделін ұсынады. IB халықаралық ұйымының ресми аккредиттеуінен өткен мектеп ретінде біз бастауыш мектеп бағдарламасынан (PYP) орта мектеп бағдарламасына (MYP) және жоғары мектептің дипломдық бағдарламасына (DP) дейінгі барлық білім беру сатысы арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеміз.

Мұндай тәсіл оқушылардың жоғары академиялық нәтижеге қол жеткізуіне, негізгі құзыреттерін дамытуына, халықаралық дүниетанымын кеңейтіп, өз күшіне деген сенімін арттыруына мүмкіндік береді. Бұл қасиеттер қазіргі әлемде табысты білім алу, кәсіби тұрғыдан өсу және өмір сүру үшін аса маңызды.

Ұлттық және халықаралық білім беру бағдарламаларын интеграциялау

  • Ұлттық және халықаралық білім беру бағдарламаларын өзара үйлестіру.
  • Әрбір оқушының мықты тұстарын, қызығушылығы мен мақсатын ескере отырып, жеке білім алу траекториясын қалыптастыру.
  • Оқу үдерісіне кәсіби қолдау көрсету және оқушыларға жан-жақты педагогикалық сүйемелдеу жасау.
  • Әр оқушыға жеке көңіл бөлуге, мұғалім мен оқушы арасында нәтижелі қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін шағын сыныптар.
  • Әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде мойындалған дипломдар.

«Мирас» сандармен

1999

ҚҰРЫЛҒАН ЖЫЛЫ

Қазақстандағы алғашқы халықаралық мектеп

2,500+

ЖЕҢІМПАЗДАР МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕР

Халықаралық, республикалық және қалалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері

562

ТҮЛЕК ӘЛЕМНІҢ ТОП-100 УНИВЕРСИТЕТІНЕ ТҮСКЕН

Олардың қатарында Harvard, MIT, Oxford, Yale және әлемнің басқа да жетекші университеттері бар

28

ҰЛТ ӨКІЛІ

Шын мәнінде көпұлтты мектеп қауымдастығы

41

«АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ

Қазақстан Республикасы мектеп түлектеріне берілетін ең жоғары ерекшелік белгісі

IB

IB МЕКТЕБІ

PYP, MYP және DP халықаралық білім беру бағдарламалары бойынша аккредиттелген

95

УНИВЕРСИТЕТТІК ГРАНТ

Оқушыларымыз иеленген гранттар мен стипендиялар саны

100%

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ТҮСУ КӨРСЕТКІШІ

Әрбір оқушымыз білімін жоғары оқу орындарында жалғастырады

Академиялық жетістіктер

IBDP бағдарламасының дипломы әлемнің жетекші университеттеріне жол ашады

36.2

IB DIPLOM БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОРТАША БАЛЛ

Әлемдік орташа көрсеткіш – 33,02 балл.
«Мирас» мектебінің нәтижесі әлемдік көрсеткіштен 3 балдан астам жоғары.

45

IB БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ

Бұл – IB бағдарламасы бойынша алуға болатын ең жоғары нәтиже

236

IBDP БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ

Мектепте DP бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап оны 236 түлек аяқтады

Түлектеріміз қай университеттерге түседі?

«Мирас» мектебіндегі өмір

Мектеп өмірінің басқа сәттері — біздің Instagram парақшамызда.

Instagram-да көбірек

Халықаралық мойындау

Қабылдауға өтінім

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз. Қабылдау комиссиясы мектепке түсу бойынша көмектеседі.

Дербес деректерді өңдеу саясаты жарияланғанға дейін онлайн нысан қолжетімсіз. Мектеппен телефон немесе e-mail арқылы байланысыңыз.

Мектепке экскурсия

Miras Almaty мектебіне келуге ыңғайлы күнді таңдаңыз. Күн мен уақытты растау үшін сізбен байланысамыз.

Дербес деректерді өңдеу саясаты жарияланғанға дейін онлайн нысан қолжетімсіз. Мектеппен телефон немесе e-mail арқылы байланысыңыз.