Құрметті ата-аналар!
Сәлеметсіздер ме?! Сіздерді және жақындарыңызды жақсы денсаулық, мықты көңіл-күйдің арқасында кең тыныстап, тіршілік қамында жүр деген сенімдемін!
Алматы қаласындағы Халықаралық «Мирас» мектебі жаңа оқу жылына қызу дайындығын жалғастыру үстінде. 18 тамызда БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның жеке мектептері қауымдастығының конференциясы болып өтті, онда мектептердің 1-қыркүйек күні оқушыларды қабылдауға дайындығы туралы мәселе талқыланды. Білім беру қорының мектептері мектептерді санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жабдықтау және нысандардың дайындығы туралы баяндама жасады. Мектеп ұжымы оқу жылының басталуын, оқушылармен кездесуді асыға күтеді! Осынау қиын-қыстау кезеңде балаларымыздың күйзеліс деңгейін төмендету, оларды қолдау, оқуға ынталандыру өте маңызды болып отыр.
7-тамыздан бастап балабақша жұмыс істей бастады. 1-қыркүйектен студенттерімізді қабылдауға әзірміз. Қай сыныптың мектепке баруына болатындығы туралы шешімді Білім министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қабылдайды. Әзірге шешім қабылданған жоқ. Бұл ақпарат түскен бойда мен сіздерге бірден хабарлаймын.
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау. «Мирас» мектебінің бастауыш және орта мектептеріне кіре берістеріне антисептикалық туннельдер орнатылды. Қажетті мөлшердегі рециркуляторлар, кварц шамдары, антисептиктер, жеке қорғаныс құралдары, температураны бақылауға арналған байланыссыз термометрлер сатып алынды. Сынып бөлмелеріндегі парталар 15 оқушыға қажетті арақашықтықты сақтай орналастырылған. Әрбір жаттығу залы антисептикпен қамтамасыз етілген. Дәліздерде, асханада, баспалдақтар мен кіреберістерде үлкен топтардың жиналуын болдырмас үшін бөліп тұратын сызықтар мен қозғалыс бағыттары белгіленген. Мектептің барлық бөлмелерін тазарту, кварцтеу және желдету кестесі жасалды. Студенттердің киім ауыстыратын орындары кеңейтілді. Дәретхана бөлмелеріне бару кестесі жасалды.
Процедуралық мәселелер. Мектеп дәрігері оқушыларға, мұғалімдерге және мектеп қызметкерлеріне қойылатын талаптар мен ережелерді әзірледі. Тәртіптік саясат кабинеттерде, дәліздерде және көшедегі тәртіп ережелерімен толықтырылады. Мектеп директорының орынбасарлары ата-аналарға арналған жадынаманы, сонымен қатар оқушыларды таңертең мектепке қабылдау және сабақ аяқталғаннан кейін мектептен үйге қайтар уақыты туралы кесте әзірлеп жатыр. Мектеп аумағына тек балабақша ата-аналарына ғана кіруге рұқсат етіледі.
Оқу процесі. Оқытуды келесі форматта ұйымдастыру жоспарлануда (ата-аналардың келісімімен):
- күндізгі дәстүрлі оқыту;
- қашықтан оқыту;
- аралас оқыту формасы (сабақ күндізгі және қашықтан оқыту топтарына бөлінген кезде және топтар аптасына 2 рет ауысқанда). Бұл форма сонымен бірге бір топ мектепте үнемі оқитын, ал екінші топ қашықтан үнемі жұмыс жасайтын тұрақты құрамдағы топтарды қарастырады. Топтар тек ата-аналардың келісімімен жасалады (оқушылардың қайсысы мектепке барады және кім қашықтан оқиды).
Сабақ кестесі оқушылардың санын ескере отырып, үзілістерді, сынып бөлмелерін желдетуді, кварцтеуді және ылғалды тазалауды ескере отырып жасалады.
1-12 сынып оқушылары үшін мектеп формасы сақталады. Биыл карантиндік шектеулерге байланысты мектеп аумағында мектеп формасы сатылатын дүкен жұмыс істемейді. Формаға қойылатын талаптарда кейбір жеңілдіктерге жол беріледі: сұр / қара шалбар, ұлдарға арналған ақ жейде. Пиджак сатып алмауға болады. Тоқыма жилет, пуловер, сыдырмалы немесе көк түймелері бар жемпір. Қыздар үшін: торкөз белдемше (юбка), ақ блузка, сұр / қара шалбар, тоқыма жилет, пуловер, сыдырмалы немесе көк түймелері бар жемпір.
Барынша толығырақ ақпарат келесі аптада беріледі, сонымен қатар ол мектептің веб-сайтына орналастырылады.
Аман-сау жүріңіздер!
Құрметпен, Власянц И.Р.