Жаңа тоқсанның басталуымен құттықтаймыз!
Құрметті оқушылар, ата-аналар және мектеп ұжымы! Басталған оқу тоқсаны құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, керемет көңіл-күй, сергектік, оптимизм, шығармашылық табыс, қызықты жаңалықтар тілейміз!
Екінші тоқсанның ұзақтығы - сегіз апта. Алдымызда - Жаңа жыл! Осы сегіз апта сәтті өтіп, қызықты да тартымды болуымен есте қалсын!
Осы тоқсанда ата-аналар жиналысы, әртүрлі елдердің мәдени күндері, жаһандық проблемалар апталығы, жаңа жылдық қайырымдылық акциялары, Spirit Days шаралары өтетіндігін еске саламыз. Іс-шара онлайн режимінде өткізілсе де, біз бүкіл мектеп қауымдастығын барлық акциялар мен іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырамыз!