28 мамыр күні Дипломдық бағдарлама студенттерінің мектепті бітіру кеші өтті.
Карантинге байланысты шара жаңа форматта өткізілді. Дегенмен де, түлектерімізге дәл осы күнді есте қаларлықтай ету үшін бәрін жасауға тырыстық. Салтанатты атмосфера, 11 IB сыныбының оқушысы Ли Амалия мен музыка мұғалімі Ұрымбаев Медеттің орындауында қалықтаған әсем әндер, ата-аналар мен мұғалімдердің жылы лебіздері жиналғандардың есінде ұзақ уақыт сақталады . Қыз-жігіттерімізді алда өмір кітабының жаңа парағы күтіп тұр. Біз оларға сәттілік тілейміз!