Жазғы демалыс - сүйікті іспен шұғылданып, хоббимен айналысуға, оқудан тынығуға, саяхаттауға, достармен емін-еркін араласып, сырласуға, сонымен қатар сүйікті авторлардың шығармаларын оқуға керемет мүмкіндік беретін кезең. Біз кітап оқығанды ұнатушыларға мектептің «Miras Times» журналының кезекті санын ұсынамыз. Кітап-журналдарды оқуды ұмытып кетпеңіздер, ол адамға пікірлер мен шынайы нәрселерге үңілуге, көзқарасыңды жақсартуға, шыдамдылыққа үйренуге мүмкіндік береді, ақыл-ойыңды дамытып, даналыққа жетелейді.
Адамдар екі санатқа бөлінеді: бірі - кітап оқитындар, екіншісі - оқығандарды тыңдайтындар. (Вербер Бернард)