Ең сүйікті мерекеміз – «Жаңа жыл» да жақындап қалды!
Жаңа жыл – игі істерді атқаратын, жақсылақтарды жасайтын ғажап уақыт!
Барша мектеп қауымдастығын жаңа жылдық қайырымдылық акцияларға қатысуға шақырамыз!
Біздің мектепте 29 қараша - 15 желтоқсан аралығында келесі Рождестволық қайырымдылық акциялары өткізіледі:
| 
 Акцияның атауы  | 
 Не істейміз  | 
 Кімге  | 
 Ұйымдастырушылар  | 
| 
 «Жылу сыйла!»  | 
 Жылы киімдер жинаймыз: Ø Киім-кешек, аяқ киім (балалар мен үлкендерге) Ø Көрпелер, пледтер және т.б.  | 
 Алматы қаласы мен Алматы облысындағы әлеуметтік жағдайы нашар және көп балалы отбасыларға.  | 
 Бастауыш және орта мектеп Студенттер кеңесі 
  | 
| 
 «Бірге ойнайық!»  | 
 Үстел үстіндегі ойындар мен ойыншықтар жинаймыз  | 
 Онкология және гематология балалар бөлімшесінің пациенттеріне арналған.  | 
 Бастауыш және орта мектеп Студенттер кеңесі 
  | 
| 
 “Pampers Drive”  | 
 Памперс жинаймыз (1-6 өлшемі)  | 
 Алматы қаласы мен Алматы облысындағы Сәбилер үйіне  | 
 Бастауыш және орта мектеп Студенттер кеңесі 
  | 
Бастауыш пен орта мектеп атриумдарында, балабақша мен мектепалдыда жылы киім-кешектерді, ойыншықтар мен кеңсе тауарларын жинауға арналған арнайы бұрыштар ұйымдастырылады.
15 желтоқсанда барлық сыйлықтар «Право на любовь» қайырымдылық қорының өкілдеріне тапсырылады.
Келіңіздер, қайырымды істерді бірге жасайық!

										
										
										
