1. Мектеп директорының атына жазбаша өтініш арқылы «Грант алу» конкурсына қатысуға өтінім беру.
Өтінім қайда беріледі: мектеп студенттерімен жұмыс істеу жөніндегі кеңсеге (admission office)
Өтінім беру мерзімі: 2022 жылдың 23 сәуіріден 10 тамызға дейін
2. Келесі пәндер бойынша тестілеуден өту:
* мектепте оқу тілі (қазақ, орыс, ағылшын);
* ағылшын тілі (егер ол таңдалған оқу тілі болмаса);
* математика
Толықтай ағылшын тілінде оқыту бағдарламасына түскен жағдайда, қатысушы тестілеуді тапсырғаннан кейін қосымша ағылшын тілінде сұхбаттасудан өтеді.
3. Баланың өткен оқу жылындағы жетістіктерін растайтын құжаттарды (Бар болса) ұсыну: үлгерім табелі, сертификаттар, грамоталар және өзге де ресми құжаттар.
* Сұхбаттасу кезеңін қоса алғанда, құжат тапсыру және тестілеу кезеңі:
2022 жылғы 23 сәуірден 15 тамызға дейін
Гранттар тиісті оқу тарифінің 100%, 50% және 30% мөлшерінде беріледі.