Сүйікті мектебімізді шын жүректен осындай айтулы мерейтойымен құттықтаймын! Мирас сияқты ғажап оқу орнының әрі қарай дамып, халықаралық деңгейдегі студенттерінің жаңа буынының өсіп шығуына тілектеспін! Осы жерде табандатқан он жыл бойы оқыдым дегенге өзім де сене алмаймын. Мектеп қабырғасында білім алумен қатар, әлемнің түрлі мәдениетімен танысуға, олардың дәстүрлерін білуге, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдармен жақсы достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік бергені үшін дән ризамын. Әрине, жаңа мүмкіндіктер жасап, қолда бар мүмкіндіктерді қолдағаны үшін, халықаралық деңгейде білім алуға ықпал еткені үшін Білім беру қорына алғысымды білдіремін!
Үлкен рахмет Сіздерге!
Мерейтой құтты болсын!
Болатов Есенгерей
Халықаралық «Мирас» мектебі Дипломдық бағдарлама 2013ж түлегі
Citibank-те инженер. Лондон. Англия
Туған күніңмен, алтын ұя – мектебіміз –«Мирас»! Мектептің есігі біз үшін ашылғалы бері 20 жыл өтіп кетті дегенге сене алмаймын. Маған берген байлық үшін мектепке де, мұғалімдерге де өте ризамын. Білім, қызығушылық, әртүрлі мәдениеттерді түсіну, ең бастысы - өмірлік достар табу сияқты байлыққа мектепте өткен жылдар бойы талпындым. Мектептің межелеген барлық жоспарлары жүзеге асқаны қандай керемет, тіпті күткенімізден де асып түсті. Мектеп өсіп-өркендей берсін! Сүйікті мұғалімдеріме мықты денсаулық және жақсы көңіл-күй тілеймін.
Инара Мұхамедова
Халықаралық «Мирас» мектебінің 2001ж түлегі
Маркс және Спенсер стратегиясының басшысы, Лондон
Туған мектебіміз - Мирасты 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Осы жылдар ішінде мектеп нығайып, мықты мұғалімдер құрамын қалыптастырды, оқытудың тың әдіс-тәсілдерін тапты, баға жетпес тәжірибе жинақтады!
Мектепте өткен оқу жылдарын ыстық ықыласпен, алғыс сезіммен және жылы лебізбен еске аламын! Аяулы ұстаздарымды мақтан тұтамын, олардың есімдері қашан да жадымда!
Мектептің ары қарай өркендей беруіне, мұғалімдердің жаңа кәсіби жеңістерге жетуіне, студенттердің білімге деген құштарлығының арта түсуіне тілектеспін.
Сәрсенов Эльдар Рашитұлы
Халықаралық «Мирас» мектебінің 2002ж түлегі
Нұрбанк басқармасының төрағасы
Ең алдымен, мектеп – уақытымыз алаңсыз өткен жер. Ол әрқайсымызға адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнату, әртүрлі өмірлік ұстанымдар туралы түсінікті сіңірді. «Мирас» мектебінің түлегі болғанымды мақтан тұтамын.
Болатов Алем, 2007 жылғы түлек
Қымбатты мектебім, үлкен өмірге жол салып бергенің үшін шын жүрегімнен алғыс айтқым келеді. Осында керемет күндерді бастан кештім. Бізді оқу-білімге үйреткен, әрдайым қол ұшын беретін, екінші отбасымыздай болған барлық мұғалімдерге үлкен алғысымды айтамын! Біздің сынып мектеп тарихында мәңгі қалатын шығар деп үміттенемін. «Мирас» мектебіне сәттілік тілеймін пен алғысымды білдіргім келеді! Ұмытылмас мектеп жылдары үшін мың алғыс!
Нұғыманов Алдияр, 2009 жылғы түлек
Мектепті 2008 жылы бітірдім. Бұл ең керемет жылдар еді, сыныптастармен өткен қызықты да көңілді сабақтар, мектептегі оқиғалар, шаралар, осылардың бәрі жарқын естелік болып қалды. Әсіресе, таңғы аста берілетін бутербродтар мен түсте ішетін солянка ерекше есімде. МГИМО-ның ХЭҚ факультетінде (халықаралық экономикалық қатынастар) жақсы көрсеткіштермен оқуға мүмкіндік берген барлық ұстаздарыма алғысымды айтамын. Атап айтқанда, сынып жетекшіміз Лариса Владимировнаға зор алғыс айтамын, ұстазымыз 2008 жылғы түлектерге, яғни біздің көңілді сыныпқа жылдар бойы қолдау көрсетіп келді, шәкірттерін шын жақсы көрді. «Мирас» мектебіне көптеген жаңа жетістіктер тілеймін, жақсы студенттері көп болсын!
Пак Артем, 2005 жылғы түлек
Сәлем, сүйікті мектебім! Мен «Мирас» халықаралық мектебінің 2011 жылғы түлегімін! Мектепті бітіргеннен кейін Англияның Лондон қаласындағы Беллербис колледжіне оқуға түстім. Осы колледжді менеджмент мамандығы бойынша сәтті аяқтап, қазіргі уақытта банк ісі саласында жұмыс істеп жүрмін. «Мирас» туралы естеліктерім - ең жылы, ең жарқын естеліктер, олар - креативті, танымдық сабақтар, түрлі іс-шаралар, қайырымдылық, бірлесе жұмыс істеу және мұғалімдер мен барлық студенттердің түсіністігі. Шын мәнісінде, Мирас - мықты мұғалімдері бар, өте жақсы білім беретін, барлық қолайлы жағдайлар жасалған ең ғажап мектеп. Бізді шын жақсы көріп, мейірім шуағын төккен, бала жанын жақсы түсінген барлық мектеп қызметкерлеріне үлкен рахмет!
Коштай Самал, 2011 жылғы түлек
«Мирас» мектебінде оқыған бар болғаны бір жылдың өзі маған қаншама нәрсе сыйлады: бақытқа толы теңіздей естеліктер, сан жетпес қызықты оқиғалар, түрлі салаларда өзіңді көрсетуге және өз қолыңмен істеп көруге берілген керемет мүмкіндіктер, оның ішіндегі ең бастысы, әрине, ең жақын достарымды кездестіруім. «Мирасты» ерекше қуанышпен, жылылықпен еске аламын!
Құралай Бекбосынова, 2011 жылғы түлек
Мен үшін ең маңызды өмірлік мақсат – тұлғаның өзін-өзі дамытуы. Жеке тұлғаны үздіксіз жетілдіріп отыру рухымен қаныққан «Мираста» менің бұл идеям әрдайым өзінше жүзеге асырылып отырды. Мектеп жеке тұлғалық қасиеттерімді ашып, өмірге деген көзқарасымды қалыптастырды. Мирас менің болашағым үшін үлкен трамплин болды.
Айжан Ұзақова, 2012 жылғы түлек
Мен үшін мектеп ең әдемі естеліктер қалған, бақытты балалық шақ алаңсыз өткен керемет орын. Үнемі оған қайта оралғың келіп тұрады.
Камила Маженова, 2015 жылғы түлек
«Мирас» - менің мектебім деп зор мақтанышпен атайтын жер. Мен осында 6 жыл оқыдым, әрбір жыл жарқын да қуанышты сәттерге толы болды, соның арқасында мектептегі күндер ұмытылмастай болып есте қалды.
Акмарал Бекбосынова, 2014 жылғы түлек
Менің атым Тілешев Темірлан. 9-сыныптан соң Англияға оқуға түстім. Мектебім - «Мирасқа» үлкен рахмет айтамын, ол маған өмірлік тәжірибе берді. Алған білімім жаңа ортаға тез бейімделуіме, алғашқы күннен бастап жақсы нәтиже көрсете алуыма ықпал етті. «Мирас» мектебінде оқығанымды әрқашан мақтан тұтамын!
Тілешев Темірлан