Бүгін біз сіздерді Халықаралық «Мирас» мектебі оқу грантының иегері, оқу озаты Эльхан Адаймен таныстырғымыз келеді! Эльхан 11 IB сыныбының оқушысы.
Эльхан математикалық зерттеулермен айналысады және Ташкенттегі British Management University профессорымен бірігіп жұмыс істейді. Бұл ынтымақтастық оқушының білімін кеңейтуге және оның жұмысында жаңа идеялардың пайда болуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, Эльхан өзінің шығармашылығының арқасында неопрен маскасын ойлап тапты . Бұл масканың ерекшелігі ауыстырылып отыратын клапандарының көмегімен вирустардан тиімді қорғайды. Ол -«Children for Better World» жаһандық конференциясының қатысушысы.
Оқушымызға оқуда және ғылыми-зерттеу жұмыстарында ары қарай табыстарға жете беруіне тілектеспіз.
Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 313-39-34, +7 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz