Дипломдық бағдарлама студенттерінің өміріндегі маңызды сәт!
Құрметті түлектер! Бірнеше жыл бұрын дәл осы күн тым алыс, ешқашан келместей көрінетін. Міне, Сіздер Дипломдық бағдарламаны бітіріп, түлеп ұшатын ерекше сәт те келіп жетті! 26 мамырда Дипломдық бағдарламаны бітірушілердің салтанатты рәсімі өтті. Сіздер өмірлеріңіздегі маңызды кезеңді сәтті аяқтап, есеюге қадам бастыңыздар. Сіздерді алда жаңа эмоциялар мен оқиғаларға толы өз жолдарыңыз тосып тұр. Арманға ұмтылыңыздар, тек алға бастаңыздар және ешқашан бір бағындырған биікпен, жеткен жетістікпен тоқтап қалмаңыздар, ары қарай жылжи беріңіздер. Ең бастысы, армандай біліңіздер және өздеріңізге нық сеніңіздер, өйткені сіздер, бәріңіз де бірегей тұлғасыздар және міндетті түрде табысқа жетесіздер.