27 қараша - 1 желтоқсан аралығында Халықаралық «Мирас» мектебінде «Global issues week» апталығы өткізіледі.
Апталықтың әр күні қазіргі заманның өзекті мәселелерінің біріне арналады. Мәселен:
1. Азық-түліктің жетіспеушілігі (ашаршылық);
2. Кедейлік;
3. Лаңкестік;
4. Қоршаған ортаның ластануы;
5. Ауыз су тапшылығы және оның сапасы.
Іс-шараларды ұйымдастырушылар: Дипломдық бағдарлама студенттері (11-12 сыныптар)
Іс-шаралар әр түрлі форматта өткізіледі: театрландырылған қойылымдар, викториналар, флешмобтар, презентациялар, интерактивті бағдарламалар.
Мақсатты аудитория: орта мектеп (MYP) және бастауыш мектеп (PYP) студенттері.