Грантқа өтінімдер қабылдау басталды

Халықаралық «Мирас» мектебі оқу құнының 100%, 50% немесе 30% мөлшерінде оқу гранттарын тағайындауға арналған дәстүрлі байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты –академиялық үлгерімі жоғары талантты оқушыларды қолдау.

Кімдер қатыса алады?
- 9 немесе 10-сыныпты барлық пәндер бойынша тек «жақсы» және «өте жақсы» бағаларымен аяқтаған оқушылар.
- Қазақстан Республикасының азаматтары.

Ұпайлар тең болған жағдайда республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері басымдыққа ие болады.

Түсу емтихандары

10-сыныпқа түсу үшін
- ағылшын тілі (екінші тіл ретінде)
- математика (орыс тілінде)
- орыс тілі (эссе жазу)

IB Дипломдық бағдарламасына (ағылшын тілінде оқыту) түсу үшін:
- ағылшын тілі
- математика (ағылшын тілінде)
- орыс тілі

Маңызды күндер
Құжаттарды қабылдау: 15 ақпан – 30 наурыз 2025 ж.
Тестілеу: 1 сәуір – 14 мамыр 2025 ж.
Нәтижелерді жариялау: 1 – 15 маусым 2025 ж.
Өтініш беру үшін Мирас мектебінің Оқушыларды қабылдау офисімен хабарласуға болады

Байланыстар⤵
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефондар: +7 (700) 585 20 40, +7 (771) 104 00 80

Search