«Ұлттық және аймақтық бастамалар» жобасы аясында Халықаралық франкофония Ұйымы (OIF), Француз тілі мұғалімдерінің халықаралық федерациясы (FIPF) және Француз тілі мұғалімдерінің қазақстандық қауымдастығының ұйымдастыруымен 17-28 қазан аралығында «J’apprends le français et je deviens écocitoyen» тақырыбында қазақстандық студенттердің логотипін жасау бойынша өткізілген байқауға 11IB сыныбының студенті Илес Эрдени қатысып, бірінші орынды иемденді.
2022 жылғы 3 қараша, бейсенбі күні еліміздің француз тілін оқып жүрген оқушыларына арналған экология тақырыбындағы «Champion en ecologie» интерактивті ойыны онлайн режимінде, яғни Zoom арқылы өтті, онда 8D сыныбының оқушысы Сергей Кудряшов үшінші орынға қол жеткізді.