
“Мирас” мектебінің әкімшілігі мен ұжымы Сіздерді
Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!
“Naýryz - International Fest” мерекелік іс-шарасы мектепте 18 сәуір, сенбі күні өткізіледі.
Бағдарламада: - «Шеберлер қаласы» фестивалі аясында мерекелік концерт, спорттық жарыстар, ұлттық ойындар, қайырымдылық іс-шаралары, атқа және күймеге міну, Алтыбақан ойыны және дастархан болады.
Біз мерекені мектеп ауласында өткізуді жоспарлап отырмыз.
Жаңбыр жауған жағдайда мерекелік бағдарлама атриумда және орта мектеп спорт залында өтеді.
Күн тәртібі:
9:45 – сынып жетекшілері мен оқушылардың кездесетін уақыты;
10.00 – 11.00 - мерекенің ашылу рәсімі (студенттер мен мереке қонақтары әзірлеген концерттік нөмірлер, қайырымдылық);
11.00 – мерекелік серуен, ойындар, жарыстар, қайырымдылық іс-шаралары және басқа да ойын-сауық шаралар; дастархан, атқа және күймеге міну;
13:00 – мерекенің аяқталуы.
Ата-аналардың барлығын мерекеге қатысуға шақырамыз!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Сіздерге бақыт, ырыс-береке, табыс тілейміз!
Құрметпен, “Мирас” мектебінің ұжымы.


