Бастауыш мектеп құрылымы
Бастауыш мектеп Қазақстан Республикасы Білім беру стандарттарының озық аспектілері мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларының ұстанымдары мен қадамдары қамтылған кіріктірілген оқыту бағдарламасын ұсынады. Бастауыш мектеп Халықаралық «Мирас» мектебі кампусының үш ғимаратына орналастырылған. 3-4 жастағы балаларға арналған балабақша қауіпсіз ойын алаңы бар арнайы жабдықталған ғимаратта қоныс тепкен. 5 жастағы балаларға арналған мектепалды жеке ғимаратта жұмыс істейді. 1-4 сынып студенттері мектептің бас ғимаратына тікелей өтетін Бастауыш мектептің ғимаратында оқып, білім алады.
Халықаралық «Мирас» мектебі Қазақстандағы Халықаралық Бакалавриаттың үш бағдарламасы бойынша білім беретін бірден бір мектеп болып табылады.
Бастауыш мектепте сабақ жүргізілетін тілдер: қазақ, орыс, ағылшын тілдері
Бастауыш мектепте сабақтардың 50%-ын ағылшын тілінде жүргізуге тырысамыз.
Бастауыш мектеп құрылымы
Балабақша мектепке дейінгі білім беру және Бастауыш мектеп (PYP) бағдарламаларын, сондай-ақ қазақстандық стандарттарды кіріктіреді, ол үш және төрт жастағы балаларға арналған. Балабақшаның 3 жасар балаларға арналған А3, К3 екі тобы мен 4 жасар балаларға арналған А4 және К4 екі тобы бар. Бұл топтардағы оқыту үлгісі оқыту тілі мен қосымша тілге сәйкес қазақ-ағылшын, орыс-ағылшын болып әзірленген.
Мектепалды бағдарламасы PYP бағдарламасы мен 5-6 жастағы балаларға арналған қазақстандық оқу стандарттары талаптарын кіріктіреді. Мектепалдыда үш топ бар, олар: KGA, KGB және KGC.
1-4 сыныптарға арналған бағдарлама PYP бағдарламасы және Бастауыш мектепке арналған қазақстандық стандарттарға негізделген. Бізде құрылым сәл өзгешелеу: әр сыныпта оқыту тілін – қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерін таңдау мүмкіндігі берілген.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қазақстандық оқу бағдарламасы бойынша математиканы тереңдетіп оқытатын сынып ашылды.
Бастауыш мектептің оқу бағдарламасы
Халықаралық «Мирас» мектебі 3 жастан 10-11 жас аралығындағы (бастауыш мектеп, 4-сыныпқа дейін) оқушыларға арналған оқу бағдарламасын әзірлеу үшін ҚР мемлекеттік білім беру стандарттары мен Халықаралық Бакалавриаттың Бастауыш мектеп Бағдарламасын (IBPYP) кіріктіреді.
PYP – баланы сыныпта да, одан тыс жерлерде де зерттеуші ретінде тәрбиелеуге бағытталған оқу жоспарының халықаралық жүйесі. Ол студенттердің халықаралық ой-санасын және оқуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді, соның арқасында олар өмір бойы білім алуға ұмтылатын болады. Оқушы Келбеті баланың жалпы дамуын, атап айтқанда - физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық және моральдық дамуын жүзеге асыруға көмектеседі. Халықаралық Бакалавриаттың Бастауыш бағдарламасы бізге нені үйрететінімізді, қалай оқытатынымызды және оқушылардың оқуын қалай бағалайтынымызды білуге көмектеседі. Оқыту мен оқудағы негізгі тәсіл ізденіс, оқушы немесе мұғалімнің бастамасымен жүзеге асырылатын және оқушыны қазіргі түсіну деңгейінен жаңа, тереңірек түсінуге апаратын процесс. Бізде кіріктірілген оқу жоспары болғандықтан, пәндік салаларымыз көбінесе Зерттеу бағдарламасы аясында оқытылады, осылайша студенттер мазмұнды контексте білім алады:
А тілі (орыс, қазақ, ағылшын),
В тілі (орыс, қазақ, ағылшын), француз тілі - 4-сыныпта
Математика,
Ақпараттық компьютерлік технология,
Қоғамтану және ғылым,
Өнер (бейнелеу өнері және музыка)
Физикалық, әлеуметтік және жеке тұлғалық тәрбие (PSPE): Өзін-өзі тану, Дене тәрбиесі, Би
Математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарда қазақстандық оқу бағдарламасы математикалық логика, робототехника, LEGO құрылымдау және шахматпен толықтырылған.
Халықаралық бакалавриаттың бастауыш мектеп бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты www.ibo.org сайтынан табуға болады.