«Мен әлемді сүйемін!» атты сынып сағаты
2021 жылғы 12 ақпанда «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы, «SOS - Қазақстан балалар ауылдары» қорының президенті, рухани-адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға арналған «Өзін-өзі тану» білім беру жобасының авторы - Сара Алпысқызы Назарбаева 80 жасқа толады.
Біздің мектеп қауымдастығы бұл күнді сынып сағаттары, фотокөрмелер өткізу, плакаттар шығару сынды түрлі іс-шаралар өткізу арқылы атап өтуге шешім қабылдады. Аталмыш шараларға жан дүниесімен беріліп, шынайы көңілмен кіріскен мұғалімдер мен балаларды таза бұлақтай мөлдір ойлар мен мейірімділік әлемі баурады.