«Мирас» мектебі Дипломдық бағдарламасының 11-12 сынып оқушылары Іле өзеніне саяхат жасады. Бұл сапар өте қызықты өтті. Бағдарламада өзеннің жартастармен қоршала түскен әдемі жағасында орындауға болатын, кәдеге асырылатын барлық іс-әрекет түрлері қамтылды. Жағылған отты айнала отырып, гитарамен сүймелденген әндер айтылды, отқа тамақ пісірілді, тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен (Олар - Мирас мектебінің мұғалімдері! Иә, иә, дәл солай!) нағыз оқу бағыттары бойынша жартасқа өрмелеу сабақтары өткізілді, альпинистік түйін өрмектерін тоқу және алғашқы медициналық көмек көрсету жаттығулары жасалды, тіпті телескоп арқылы түнгі аспанды бақылау жүзеге асырылды (Юпитер мен Сатурнның сақиналарын тамашалау не деген керемет еді!).
Саяхат жастардың әр түрлі жеке қасиеттерін, оның ішінде көшбасшылық қасиеттерін мақсатты түрде дамытатын CAS Дипломдық бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Саяхаттың 100% сәтті болғаны өте жақсы! Балалар Ілеге жасаған саяхаттан тамаша көңіл-күймен оралды, өздерімен бірге көптеген жаңа әсерлер ала келді!!