Құрметті достар!
ІІ тоқсанда мектебіміздің оқушылары РФ Бас консулдығы және Россотрудничествоның қолдауымен «Мектеп қоғамдық ұйымдарының қауымдастығы» ұйымдастырған «Менің қаламдағы күз» халықаралық балалар шығармашылығы байқауына қатысты. Байқауға ТМД елдерінің балаларының жұмыстары жіберілген.
Алматы қаласы Мирас мектебінің 1-5 сынып оқушылары күз маусымындағы туған жердің көркін бейнелеген саны 20 болатын шығармашылық жұмыс дайындады. Байқауға студенттеріміз пейзаждар мен фантазиялық композицияларды ұсынды. Бұл шығармашылық жұмыстарды дайындауға бейнелеу өнері мұғалімдері Тала Атос пен Байбуркутова Жеңісгүл Серікқызы тәлімгерлік етті.
Байқау қорытындысы бойынша барлық оқушыларымыз қатысқаны үшін Дипломдармен марапатталды.
Бастауыш мектептің үш оқушысы 3 орынды иемденіп, дипломдармен марапатталды, олар:
3 «С» сыныбының оқушысы Серікбек Күміс, «Менің қаламдағы күз» шығармасы.
4 «С» сыныбының оқушысы Нұржанқызы Айша, «Менің қаламдағы күз» шығармасы,
4 «А» сыныбының оқушысы Ким Данил, «Күз» шығармасы.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Бейнелеу өнері мұғалімдері Тала Атос пен Ж.С. Байбүркітова оқушыларды байқауға дайындағаны үшін Ресей Федерациясының Бас консулдығы мен Россотрудничествоның дипломдары мен алғыс хаттарымен марапатталды.
Оқушыларды байқауға дайындауда қолдау көрсеткен мұғалімдерге алғыс айтамыз!
Осы жұмыстарға қарай отырып, оқушылардың қаламыздың өздері ұнатқан жерлерін, күзгі саябақтарын, аллеялары мен алаңдарын қалайша жып-жылы бейнелеп жеткізгенін байқаймыз. Балалардың мұндай сайыстарға қатысуы олардың табиғатқа, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.
Қаламыздың аспаны ашық болсын, күн сайын гүлденіп, өсіп-өрлей түссін!