SIWI нәтижелері

10-12 сәуір аралығында мектепте Республикалық Су байқауы болып өтті. Аталмыш байқау үшінші рет өткізіліп отыр, оған республиканың 26 мектебінен келген оқушылар қатысты!

Арнайы дипломмен М.Х. Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияның оқушысы Беймуратов Арсен «Трибоэлектрлік эффект (су ортасы)» баяндамасы үшін марапатталды. Қазылар алқасы жобаны ары қарай дамыту аз қуатты электр генераторларының жаңа буынын жасауға алып келуі мүмкін екенін атап өтті.

Үшінші орын Алматы Халықаралық мектебінен қатысқан Накрайникова Валерия мен Цой Романға «Таза сулы болашақ» баяндамасы үшін берілді. Балалар қоғамның назарын ауыз судың сапасы сияқты маңызды мәселеге аударады.

Екінші орынды Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Изгуттинова Аружан иеленді. Оның «Құрамында целлюлоза бар қалдықтар негізіндегі сорбенттермен сулы ерітінділерден ауыр металдарды сорбциялау процесін зерттеу» атты баяндамасы ғылыми негізділігімен және коммерциялық мүмкіндіктерімен қызықтырады.

Стремская Полина мен Башиков Диар «Гидропондық әдісті көк балауса мал азығын өсіруде қолдану» жобасымен бірінші орынды иеленіп, Стокгольм қаласына жолдама алды. Жоба суды үнемдеу жолдарын іздестіру және мал азығын өсіруге жағдай жасау сынды Қазақстан үшін маңызды мәселелерді қарастырады.

Біз барлық қатысушыларды құттықтаймыз, ал жеңімпаздарға байқаудың халықаралық кезеңінде сәттілік тілейміз!

Search