Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 313-39-34, +7 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz
Қайырымдылықты бірге жасайық!
23 сәуір күні мектебіміздің мұғалімдері мен қызметкерлері №1 балалар үйіне кезекті сапармен барып қайтты.
Балалар мен аталмыш мекеме қызметкерлері бізді, әдеттегідей, өте жақсы қарсы алды.
Балаларға келген сайын демалысымызды босқа жұмсамағанымызды түсінеміз. Бұл балалар ең қарапайым заттарға қуана біледі! Олар өте ашық және шынайы!
Балалар үйіне баруға жиналған сайын «оларға не қызықты болар еді, не ұнайды, қалай ойнатуға және немен айналыстыруға болар еді» деп ойлайсың. Балаларды жақсырақ біліп, оларға жиі келген сайын, олардың жанына жақын айналысатын нәрсені табу оңайырақ болады екен.
Бастауыш мектеп мұғалімі Adam Huggins балаларға тек жексенбі күні ғана емес, сондай-ақ сенбі күндері де барады. Оны ересек топтағы бүлдіршіндер асыға күтеді. Адам қызықты әрі көңілді ойынды ғимарат ішінде де, сыртта да ұйымдастыра алады.
Бастауыш мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Marcella Bahniuk балалар үйіне екінші рет келді. Марселла - өте шығармашыл адам. Бәрі де оның әуестігін біледі, ұстаз кесте тігу, тоқу және киім тігумен айналысады. Марселла осының бәрін балалар үйінің орта тобындағы қыздарға үйретуге тырысады. Осы жексенбі күні ол балалармен бірге «Twinkle, twinkle little star» әніне көркем жоба жасады, сондай-ақ жүзу жаттықтырушысы Игнатьева Натальяға балалармен бірге гүлдерді отырғызуға көмектесті. Бұл сапар Наталья Юрьевна үшін балалар үйіне жасаған алғашқы сапары болатын. Ол өте қатты толқыды. Наталья Юрьевнаны қолдау үшін оның күйеуі мен ұлы бірге келіпті. Олар гүлдердің тұқымдары мен көшеттерін, бақша құрал-саймандарын дайындады және балалар үйінің тәрбиеленушілерімен бірге гүлзарға гүлдерді отырғызды. Балаларға бұл жұмыс қатты ұнады! Наталья Юрьевна келесі жолы «бәріміз бірге қызанақ пен қияр отырғызамыз» деп уәде берді. Енді балалардың тек қана әдемі гүл өскен гүлбақшасы ғана емес, кішкентай болса да өздерінің жеке бақшалары болатын болды!))
«Мирас» мектебінің психологі Елбаева Зарина кіші топ қыздарымен музыкалық терапия сабағы мен қатысымдық ойындар өткізді. Зарина балалардың жиі болатын қонағы. Ол біздің мектепке жұмысқа тұрғанша №1 балалар үйіне барып, АРТ- терапия мен психологиялық тренингтер өткізіп отырған екен. Зарина балалар үйіне барар алдында үнемі алдын ала дайындалады, сондықтан да оның сабақтары өте қызықты және көңілді өтеді. Ол балалардың кез келген сұрақтарына жауап беріп, балалардың проблемаларын шешуге қашан да әзір.
Татьяна Геннадьевна Напалкова біздің жобамызға алғашқы күннен бастап қатысып келеді. Ол балалар үшін логикалық ойды дамытатын ойындарды ұйымдастырады. Шарадаларды, басқатырғыштар мен ребустарды шеше отырып, Татьяна Геннадьевна балаларға ойын немесе жұмбаққа қатысты әртүрлі оқиғалар мен аңыздарды әңгімелеп береді. Педагог қыздардың кіші топтарымен айналысады. Оның әрбір сабағы ертегі сияқты, міндетті түрде орындалуға тиісті армандар мен жұмбақтар әлеміне ғажайып саяхат жасалады.
Бұл жолы балалар үйінің «Айгөлек» кіші тобының кішкентай ғана тілегі орындалды. Оны орындауға бізге «Жанды бұрыш» дүкенінің иелері – Индира және Сәкен Бектановтар көмектесті. «Айгөлек» кіші тобының қыздары көптен бері тілектерді орындайтын «алтық балық» туралы армандап жүрген болатын. Қыздар «Алтын балыққа» қоса, зоодүкеннен аквариум мен оған қажетті барлық саймандарды сыйлыққа алды. «Жанды бұрыш» дүкенінің басты ұраны – «Қамқорлық – басты нәрсе!» Біз осы шағын акция нағыз достыққа ұласады деп сенеміз! Зоодүкен иелері «Айгөлек» кіші тобының қыздарын «Жанды бұрыш» дүкеніне саяхатқа шақырды.
«Action for children» жобасын қолдаушылардың бәріне үлкен алғыс айтамыз.
Қайырымды істерді бірлесе атқарайық!
Осылайша, біздің жобамызға жаңа адамдар келіп қосылды, олар мектебімізде жұмыс істемесе де, акцияға атсалысуға тілек білдіруде.
Бастауыш мектеп дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Құрбанов А. «балаларға арналған іс-шаралар» жобасының мүшесі