Қазақстан, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы,190 | Тел.: +7 (727) 313-39-34, +7 (771) 104 00 80 | E-mail: secretary@miras.kz
Қайырымдылық акцияларының анонстары
26 қаңтар - 6 ақпан аралығында Халакоста құрбандарын еске алуға арналған халықаралық акцияға қатысу.
6 наурыз. Халықаралық әйелдер мерекесі аясында Иванова Аняның көркем суреттерінің қайырымдылық көрмесі ұйымдастырылады. Төрт жыл бойы мектебіміз Аняға материалдық көмек көрсетіп келеді. Оның суретті жақсы салатынын білген соң негізгі мектептің студенттер кеңесі Иванова Аняның көркем суреттерінің қайырымдылық көрмесін ұйымдастыруды ұсынды. Аталмыш көрменің нәтижесінде жиналған барлық қаражат Аняға аударылады.
12 наурыз - Miras Para Sport. 11 және 12 IB сыныптарының оқушылары CAS бағдарламасы аясында церебралды сал ауруы бар балаларға арналған жарыс өткізеді.
18 сәуір. «Nauryz International Fest». №1 балалар үйінің, көру қабілеті нашар және есту қабілеті нашар балаларға арналған церебральды сал ауруы диагнозы бар балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін мерекеге шақырады. Сыйлықтарды тапсыру, әткеншекке міну, атқа міну, күймемен қыдыру, мерекелік дастархан, концертке қатысу, сонымен қатар, мектеп барлық қонақтарды тасымалдау үшін көлік қызметін ұйымдастырады.
Сәуір. «АЯЛА» қайырымдылық қорымен ынтымақтастық. (Болуы мүмкін акция: «Жеңімпаздар аллеясы». Балалар хосписінің аумағына тал егу)
22 сәуір - 6 мамыр - Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданы ардагерлері мен қатысушыларына көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылатын қайырымдылық акциялары. 2020 жылдың 8 мамырында өтетін мектеп мерекесіне шақыру. Барлық сыныптар әр қонаққа арнап азық-түлік кәрзеңкесін әзірлейді, ардагерді мектепке және үйге жеткізуді ұйымдастырады. Сонымен қатар, қайырымдылық шаралары нәтижесінде жиналған барлық қаражат ардагерлерге материалдық көмек ретінде беріледі.
Мамыр. Алматы қаласының сауда үйлеріндегі «Ерлік қорабы» қайырымдылық акциясы. Балалар хосписіндегі балаларға арнап ойыншықтар жинау.
Жоғарыда аталған әрекеттерден басқа, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар бөлімімен, иесіз қалған жануарларға арналған баспаналармен, Алматы қаласының зообағымен ынтымақтастықты ары қарай жалғастырамыз.