[sigplus] Critical error: Image gallery folder blagotvor/4/15.jpg is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
«Мирастың» қайырымдылық акциялары жетім балаларға, науқасбалаларға, хайуандарға қамқорлық көрсетудің әдемі де лайықты үлгісі болып табылады. Бұл жоба – адамды қайырымдылық мәдениетіне, көмек пен қолдауға зәру жандарға деген құрмет, жанашырлық сезімдерге баулитын жоба.
«Қысты шығарып салу» мерекесі
{gallery width=200 height=150 crop=1 borderwidth=1 borderstyle=solid bordercolor="cccccc" padding=3}/blagotvor/4/15.jpg{/gallery}
Ақпан айында Жер Ана қысқы ұйқысынан оянып, көктемді қарсы алуға дайындалады. Бұл адамдар үшін де қуанышты сәттердің бірі. Бұл кезеңге мектебіміздің ұжымы да аса көңіл бөледі. Мектебімізде «Қысты шығарып салу» мерекесін атап өтетін жақсы дәстүріміз бар. Биыл 20 ақпан күні өткізілген аталмыш мереке - ойындар, әндер, дәмді тағамдар ұсынылған отбасылық ғажап мерекеге айналды. Біз тек атап өтумен ғана шектелмей, қайырымды істер де жасауға тырысамыз.
{gallery width=200 height=150 crop=1 borderwidth=1 borderstyle=solid bordercolor="cccccc" padding=3}/blagotvor/4/16.jpg{/gallery}
Мереке күні дәстүр бойынша № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілері бізде қонақта болды. Олар қызықты ойын-сауықтарға қатысты, мектептің ата-аналар комитеті балаларға мерекелік дастархан жайды, студенттеріміз қонақтарымызға ойыншықтар мен кітаптар сыйлады.
Сондай-ақ мереке кезінде қайырымдылық бекеттері жұмыс істеді, олар «Бет-әлпетке сурет салу», «Өз қолыңмен жаса», «Өзіміз пісірген тәтті нандар». Аталған бекеттердің мақсаты – Республикалық Онкологиялық институттың балалар бөлімшесінде жатқан науқас балаларға, сондай-ақ қаңғып, бос жүрген хайуандарға арналған «Дос» хайуанаттарбаспанасына көмек көрсету үшін қаржы жинау. Барлық қатысушылар шараға белсенді түрде атсалысты.
{gallery width=200 height=150 crop=1 borderwidth=1 borderstyle=solid bordercolor="cccccc" padding=3}/blagotvor/4/17.jpg{/gallery}
Алматы қаласы Республикалық Онкологиялық институттың балалар бөлімшесінің науқас балаларына көмек беру Қайырымдылық жобасы өз нәтижесін берді. Бастауыш және орта мектептің Студенттер Кеңесі ұйымдастырған бекеттерде үлкендер мен кішкентайлар дәмі тіл үйіретін үйде пісірілген тәтті нандардан ауыз тиді,бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері ұйымдастырған бекеттерде әртүрлі қолөнер туындыларын жасауға, АРТ-тың ғажайып суреттерін салуға үйренді. 60 000 теңге жиналды, сондай-ақ акцияға 1F сыныбының ата-аналары мен Пак отбасы (9А) қосылды, олар Онкологиялық институттың балалар бөлімшесіне 10 000 теңге берді.
{gallery width=200 height=150 crop=1 borderwidth=1 borderstyle=solid bordercolor="cccccc" padding=3}/blagotvor/4/18.jpg{/gallery}
Иесіз бос қаңғып қалған хайуандарға арналған "Дос" баспанасы үшін жиналған қаржы барлығы 31 400 теңге болса, оның 18 600 теңгесі 9 А сынып студенттері ұйымдастырған «Өзіміз пісірген тәтті нандар» бекетінің жұмысы нәтижесінде және 12 800 теңге бастауыш және орта мектептің АРТ мұғалімдері ұйымдастырған «Бет-әлпетке сурет салу», «Өз қолыңмен жаса» бекеттерінің жұмысы нәтижесінде жиналды. Сондай-ақ біздің мектебіміздің студенттері жануарларға арналған тағам мен төсеніш құралдарын жинау акциясынөткізді.
"Дос" баспанасының жетекшілері иесіз бос қаңғып жүрген хайуандардың аталған баспанадағы жай-күйін, оларға қалай күтім көрсетілетіні туралы фильм көрсетті. Фильм үлкендерге де, балаларға да өте қызықты болды. «Бәлкім ол сенің досың болар ма еді?» фотокөрмесі ешкімді де бей-жай қалдырмады. Стендтердеиесіз қалған иттердің суреттері орналастырылды. Баспананың жетекшілеріқаланың өте өзекті проблемасы болып отырған босып жүрген хайуандарға қамқорлық көрсеткендері үшін студентімізге, ата-аналарға ризашылықтарын білдірді. Осындай еріктілер қозғалысы, әрине, қала халқының қолдауына қажет етеді. Өйткені әртүрлі себептермен далада иесіз қаңғып қалған хайуандарға қамқор болып, жанашырлыққа баулу балалардың мейірімділігін дамытады.
«Көктемгі көңіл-күй» концерті
{gallery width=200 height=150 crop=1 borderwidth=1 borderstyle=solid bordercolor="cccccc" padding=3}/blagotvor/4/19.jpg{/gallery}
11 наурыз күні мектеп театрында Қосымша білім беру қызметін көрсету кафедрасының хореография мұғалімі Т.В. Вишневаның жетекшілігімен«Карамельки» би тобы және орта мектеп оқушыларының қатысуымен "Көктемгі көңіл-күй» атты концерті өткізілді. Бұл концерттің мақсатытек аналар мен әжелерді, мұғалімдерді 8 наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтау ғана емес, сондай-ақ Республикалық Онкологиялық институттың балалар бөлімшесіне қайырымдылық көмек көрсету болатын. Осы концерттік мерекенің нәтижесінде 40 000 теңге қаржы жиналды.
Мектептің «Қысты шығарып салу» мерекесі мен «Көктемгі көңіл-күй» концерті барысында Онкологиялық институттың балалар бөлімшесі үшін 120 000 теңге көлемінде қаржы, сондай-ақ үстел үсті ойындары мен ойыншықтар жиналды.
17 наурыз 2016ж Онкологиялық институттың балалар бөлімшесіне арнайы сапар ұйымдастырылды. Мұғалімдер балалар бөлімшесіне кітаптарды, ойыншықтарды, үстел үсті ойындарын және 120 000 теңге көлемінде қаржыны тапсырып қайтты. Бөлімшеде 15 бала емделіп жатыр. Бөлімшенің медицина персоналымен бірлесе отырып барлық балаға көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Сондықтан да әр баланың ата-анасына 8000 теңгеден берілді. Бұл соманы беру Наурыз мерекесінің қарсаңында өте бір орынды жағдай болды. Ата-аналар, дәрігерлер Мирас студенттеріне, ата-аналарына, сондай-ақ мектеп ұжымына сырқат балаларға қамқорлық көрсетіп, демеу болғандары үшін зор алғысын білдірді.
Thank to Miras.
«Реал Мадрид» футбол клубының жаттығулары
23 наурыз - 3 сәуір аралығында «Мирас» мектебінде испандық RealMadrid футбол клубының арнайы жаттығулары өткізілді. Курстың қатысушылары әлемдегі ең үздік клубтың бірі тәжірибе жүзінде қалай жаттығатынын көріп-білді, футболдың техникасы мен тәсілдерін үйренді, өздерінің спорттық машықтарын жақсартты.
{gallery width=200 height=150 crop=1 borderwidth=1 borderstyle=solid bordercolor="cccccc" padding=3}/blagotvor/4/20.jpg{/gallery}
Қайырымдылық көмек көрсету аясында «Мирас» мектебінің әкімшілігі курс жетекшілеріне №1 балалар үйдің тәрбиеленушілеріХан Вячеслав және Абрама Оглыны жаттығуға қосу туралы тілек білдірді.
Балалар жаттығуларға қатысты, клубтың фирмалық киімдерін алды, курсты өткені туралы «Реал Мадрид» қорының сертификатына қол жеткізді, ең бастысы – осындай танымал клубтың шеберлерінен жаттығу, үйрену мүмкіндігі арқылы ұмытылмас сезімдерге бөленді.
«Мирас» мектебінің әкімшілігі курс жетекшілеріне көрсеткен демеушіліктері үшін үлкен ризашылық білдірді.
«Мирастың» қайырымдылық акциялары жетім балаларға, науқасбалаларға, хайуандарға қамқорлық көрсетудің әдемі де лайықты үлгісі болып табылады. Бұл жоба – адамды қайырымдылық мәдениетіне, көмек пен қолдауға зәру жандарға деген құрмет, жанашырлық сезімдерге баулитын жоба.
Қайырымдылық акцияларына атсалысқан әрбір жанға алғыс айтамыз!
Елена Холина, бастауышмектепіс-шараларынүйлестіруші.