Мазмұнға өту
Miras International School Almaty
Өтінім беру

Қош келдіңіздер

Ирина Р. Власянц

Директордың алғысөзі

Құрметті оқушылар, ата-аналар және қонақтар!

Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебіне қош келдіңіздер! Бұл –тарихы бай, берік дәстүрге  және білім беру ісінде заманауи көзқарасқа ие  мектеп.

«Мирас» 30 жылға жуық уақыт бойы жас буынды шабыттандырып,  дарынын ашуға, бүгінгі өзгермелі әлемде өз болашағын сеніммен қадам басу жолында еңбек етіп келеді. 1999 жылы ашылған күнінен бастап мектебіміз ауқымы жағынан да, білім беру сапасы тұрғысынан да айтарлықтай өсті. Бүгінде ол  жоғары академиялық стандарттарымен, тұлғаны жан-жақты дамытуға ерекше көңіл бөлуімен танылған Қазақстандағы жетекші халықаралық мектептердің бірі болып табылады.

Елімізде Халықаралық Бакалавриат ұйымының (IBO) авторизациясынан өткен және Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) аккредитациясын иеленген алғашқы мектептердің бірі ретінде ұзақ жылдар бойы білім беру сапасының жоғары халықаралық стандарттарына адалдығын  үздіксіз дәлелдеп келеді. Оның мәртебесі мен білім беру мүмкіндіктері деңгейінің жоғарылығын  айқындайтын тағы бір маңызды жетістік –  2012 жылы «Мирас» Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан ресми түрде халықаралық мектеп мәртебесіне ие болды.

Оқушыларға терең академиялық дайындықты оқытудың инновациялық тәсілдерімен, сыни ойлау қабілетін, шығармашылық әлеуетін, дербестігін және көшбасшылық қасиеттерін дамытуды ұштастыра отырып білім беріледі.  «Мирас» түлектері білім жөніндегі халықаралық деңгейде мойындалған – IB дипломына, MYP сертификаты мен оқу үлгерімі туралы куәлікке (Record of Achievement), сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік үлгідегі тиісті білім құжаттарына ие болады.

Мектеп жетістігінің басты дәлелі –  оның түлектері. Жыл сайын түлектеріміз Қазақстан және әлемнің жетекші университеттеріне оқуға түсіп, түрлі академиялық және кәсіби бағыттар бойынша білімдерін ұштайды. Олардың жетістіктері білім беру бағдарламасының, педагогикалық ұстанымның, сондай-ақ ең алдымен, педагогтардың жоғары кәсіби шеберлігінің куәсі. Біз оқушыларымызға академиялық жетістіктерге жетуге ғана емес, сонымен қатар өзіне сенімді, жауапты, ашық, елгезек әрі әлемді оң жаққа өзгертуге қабілетті тұлға болып қалыптасуға көмектесетінімізді мақтан тұтамыз.

«Мирас» ұжымы әрбір шәкірттің өзіндік ерекше тұлға екеніне сенімді.  Міндетіміз – әр бала өзіне қолдауды сезінетіндей, шабыттанып, жаңа сынақтарды батыл қабылдайтындай, өз бойындағы қабілет-дарынын толық аша алатындай орта құру. Сондықтан  білім – тұлғалық даму негізіне, білсем деген құштарлық – жаңа білімнің қайнар көзіне, ал өзара құрмет пен ынтымақтастық – мектеп өмірінің ажырамас бөлігіне айналатындай білім ордасын құруға ұмтыламыз.

Егер сіз балаңыз үшін мектеп таңдап жүрсеңіз, не мектебіміздің қауымдастығы мүшесі болсаңыз немесе «Мирас» мектебімен енді ғана танысып жатсаңыз, ол несімен ерекше екендігін өзіңіз танып-білуге және сезінуге  қуана шақырамын.

«Мирас» – мүмкіндіктер мен жарқын келешек мектебі.

Бұл – тұлға әлеуеті ашылатын, оның биік мақсатқа ұмтылысына  қолдау көрсетілетін, бойына құндылық дәні егіліп, болашағына жол салынатын орта.

Сіздерді мектебіміздің  үлкен әрі ашық қауымдастығы ортасында  көргеніме қуаныштымын!

Құрметпен

Власянц Ирина Рамильевна

Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебінің директоры

Қабылдауға өтінім

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз. Қабылдау комиссиясы мектепке түсу бойынша көмектеседі.

Мектепке экскурсия

Miras Almaty мектебіне келуге ыңғайлы күнді таңдаңыз. Күн мен уақытты растау үшін сізбен байланысамыз.

Күнді таңдаңыз. Мектеп қызметкері сізбен байланысып, келу күні мен уақытын растайды.