Мазмұнға өту
Miras International School Almaty
Өтінім беру

Мектептің миссиясы мен философиясы

Біздің миссия

Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебі қазақстандық және халықаралық білім беру стандарттарын ұштастыру, көптілді білім беру ортасын қолдау арқылы сапалы білім беруді қамтамасыз етеді. «Мирас» өмір бойы білім алуға дайын, түрлі халықтар мәдениетін құрметтейтін және планетамыздың болашағы үшін жауаптылық сезінетін тұлғаларды тәрбиелейді.

Біздің философия

Алматы қ.«Мирас» халықаралық мектебінде біз білім беру үдерісі саналы, заманауи және шынайы өмірмен тығыз байланысты болуы тиіс деген сенімдеміз.  Әрбір бала өзіндік қайталанбас әлеуетке ие, ол әлеуеттің балаға интеллектуалдық, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан дамуға мүмкіндік беретін қауіпсіз, шабытқа толы,  ынталандырушы білім беру ортасында ашылатынына да  сенеміз.

Біз жылдам өзгермелі әлемде табысты өмір сүруге қажетті білімге, дағдыға, құндылық пен тұлғалық қасиеттерге ие, қамқор, білімді, ойлы және әлемге ашық оқушыларды тәрбиелеуге ұмтыламыз. Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру стандарттары мен Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламаларын кіріктіру оқушылардың білуге деген құштарлығын, шығармашылық ойлауын, сыни талдау қабілетін, мәдениетаралық түсіністігін және жауапты азаматтық ұстанымын дамытуға ықпал етеді.

Алматыдағы Мирас халықаралық мектебінің кампусы

Біздің білім беру тәсіліміз төмендегі ұстанымдарға негізделген:

  • оқушылар амандығы мен оларды жан-жақты – интеллектуалдық, дене, эмоционалдық, әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан дамыту
  • әрбір оқушының жеке ерекшелігі мен білім алу қажеттілігін ескеру арқылы  жоғары сапалы оқыту мен білім беру
  • заманауи технологиялар мен тиімді бағалау тәсілдеріне негізделген қолайлы инклюзивті және инновациялық білім беру ортасын құру
  • зерттеу дағдыларын, дербестік пен өмір бойы білім алуға деген ұмтылысты дамытушы мазмұнға қанық әрі ынталандырушы білім беру бағдарламасын ұсыну
  • оқушылар, ата-аналар, педагогтар және мектеп қауымдастығы арасындағы берік серіктестік орнату
  • мәдени және тілдік алуандықты, адам құқығын және халықаралық өзара түсіністік ұстанымдарын құрметтеу

«Мирас» мектебінде біз білім беруді оқушылар, ата-аналар және педагогтардың бірлескен жауапкершілігі ретінде қарастырамыз. Тығыз ынтымақтастық арқылы әрбір оқушының өз әлеуетін ашуына және жергілікті әрі әлемдік қоғамдастықтың дамуына елеулі үлес қосуына мүмкіндік беретін қауіпсіз, шабыт беруші және қолдауға негізделген білім беру ортасын қалыптастырамыз.

Қабылдауға өтінім

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз. Қабылдау комиссиясы мектепке түсу бойынша көмектеседі.

Мектепке экскурсия

Miras Almaty мектебіне келуге ыңғайлы күнді таңдаңыз. Күн мен уақытты растау үшін сізбен байланысамыз.

Күнді таңдаңыз. Мектеп қызметкері сізбен байланысып, келу күні мен уақытын растайды.