Қазақстан жоғары сынып оқушыларына арналған су мәселесі туралы республикалық жобалар конкурсы
Жас жаңашылдарды тұрақты болашақ құруға шабыттандыру

Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебі беделді халықаралық Stockholm Junior Water Prize (SJWP) конкурсының ресми ұлттық кезеңі болып табылатын ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СУ МӘСЕЛЕСІ ТУРАЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫН (KJWP) ұйымдастырады.
Конкурс туралы
Конкурс NNEF қоғамдық қорымен серіктестікте және Стокгольм халықаралық су институтының (SIWI) қолдауымен өткізіледі. Конкурстың мақсаты – су ресурстарына қатысты жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық ұсыныстар әзірлейтін дарынды жас зерттеушілерді қолдау, сондай-ақ ғылыми-зерттеушілік қатынасты, экологиялық жауапкершілікті және тұрақты даму принциптерін дамытуға ықпал ету.
Stockholm Junior Water Prize (SJWP) – Стокгольм халықаралық су институты(SIWI) қамқорлығы аясында жыл сайын өткізілетін жас ғалымдарға арналған жетекші халықаралық конкурстың бірі. Конкурс Швецияның тақ мұрагері, Корольдік мәртебелі Виктория ханшайымының қамқорлығымен өткізіледі. 1997 жылдан бері конкурсқа 30-дан астам елдің мыңдаған оқушысы қатысып, су ресурстары мен экологиялық тұрақтылық саласындағы ғылыми зерттеулері мен инновациялық шешімдерін ұсынды.
Қазақстандағы конкурс – халықаралық байқауға қатысушыларды іріктеудің ресми ұлттық кезеңі. Ол оқушыларға Швецияның Стокгольм қаласында өтетін халықаралық байқауға өз елінің атынан қатысып, Қазақстанды әлемдік деңгейде таныстыруға мүмкіндік береді.
Конкурсқа кім қатыса алады?
Конкурсқа Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар мен лицейлердің 15-18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары қатыса алады.
Жобалар жеке немесе екі оқушыдан құралған команда түрінде ұсынылуы мүмкін.
Жоба тақырыптары
Оқушыларға төмендегі мәселелер бойынша өзіндік ерекше жобалар әзірлеу ұсынылады:
- Су ресурстарын сақтау және оларды тұрақты басқару;
- Суды тазарту және залалсыздандыру;
- Су ресурстарын қорғау және қалпына келтіру;
- Биологиялық түрлер және су экожүйелері;
- Экологиялық тұрақтылық;
- Суды пайдаланудың инновациялық технологиялары;
- Су ресурстарына қатысты әлеуметтік, ғылыми, инженерлік немесе шығармашылық шешімдер.
Жобалар Қазақстандағы су ресурсына қатысты мәселелерге немесе су ресурсына байланысты жаһандық проблемаларға арналуы мүмкін. Сондай-ақ олар жаратылыстану ғылымын, инженерлік пәндер, әлеуметтік ғылымдар және шығармашылық тәсілдерді өзара ұштастыра алады.
Бағалау критерийлері
Жобалар университет, ғылыми-зерттеу мекемесі және салалық ұйым өкілдерінен құралған тәуелсіз сарапшылар комиссиясы тарапынан келесі критерийлер негізінде бағаланады:
- Ғылыми сапасы және зерттеу әдіснамасы
- Инновациялығы және креативтілігі
- Экологиялық және әлеуметтік ықпалы
- Практикалық қолданылуы және ауқымын кеңейту мүмкіндігі
- Презентациялау және коммуникация дағдылары
Марапаттар
Конкурстың барлық финалистеріне қатысушы сертификаты мен естелік сыйлықтар табысталады.
Конкурс жеңімпазы Швецияның Стокгольм қаласында өтетін Стокгольм жасөспірімдерге арналған су саласы сыйлықақысының (Stockholm Junior Water Prize) халықаралық сатысында Қазақстан атынан қатысу құқығына ие болады. Жол жүру және конкурсқа қатысу шығынын ұйымдастырушылар өтейді. Екінші және үшінші орын иегерлері ақшалай жүлдемен марапатталады.
Неге қатысу керек?
Конкурс оқушыларға бірегей ерекше мүмкіндік ұсынады:
- шынайы ғылыми зерттеу жүргізу;
- өмірлік экологиялық мәселелерді шешу;
- зерттеушілік, инновациялық ойлау және жоба таныстыру дағдыларын дамыту;
- сарапшылармен, ортақ мүдделілермен ынтымақтастық орнату;
- Қазақстан атынан халықаралық ғылыми конкурсқа қатысу;
- мейлінше тұрақты болашақ құруға үлес қосу.
Ұйымдастырушылар
Қазақстандағы су ресурсына арналған мектеп оқушылары жобаларының ұлттық конкурсын Стокгольм халықаралық су институты (SIWI) қолдауыменкелесі ұйымдар ұйымдастырады:
- Алматыдағы «Мирас» халықаралық мектебі;
- NNEF қоғамдық қоры.
Толығырақ білу
Конкурс, қатысушыларға қойылатын талаптар, жобаларды ұсыну ережелері, маңызды күндер және өткен жылдар жеңімпаздары туралы толық ақпаратты табуға болады: