Түлектерге
Miras-пен өмірліік байланыс

«Мирас» мектебімен өмірлік байланыс
«Мирас» халықаралық мектебінің Alumni қауымдастығы «Мирас» түлектерінің көпжылдық достығы, кәсіби байланыстары мен ортақ құндылықтары бағаланатын белсенді әрі тату қоғамдастық құра отырып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі түлектерді арасындағы қарым-қатынасты іске асырады.
Түлектеріміз мектеп қауымдастығының маңызды бөлігі, олар қазіргі оқушыларға шабыт сыйлап, қолдау жасайды, «Мирас» халықаралық мектебінің одан әрі дамуы мен табысына өзіндік үлес қосады.
Біздің миссия
Түлектер қауымдастығы ынтымақтастық, кәсіби даму мен қоғамдастық өміріне белсенді атсалысуға негізделген серпінді халықаралық қауымдастық құра отырып, түлектер мен «Мирас» мектебі арасындағы өмір бойғы байланысты нығайтады.
Біз болашақ «Мирас» оқушылары буынын қолдау арқылы мектеп дәстүрі мен құндылығын бірлесе сақтаймыз.
Біздің мақсат
- Мықты түлектер қауымдастығын құру. Түлектерге қарым-қатынас үзбей, ынтымақтасуға, мәнді жеке және кәсіби қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызу.
- «Мирас» мектебінің рухын сақтау. Түрлі буын түлегінің басын қосатын мектеп дәстүрін, құндылығы мен мәдениетін сақтау және қолдау.
- Мектеп дамуына қолда көрсету. «Мирас» халықаралық мектебінің жетістіктерін жариялау, одан әрі дамуы мен халықаралық мойындалуына үлес қосу арқылы беделін нығайту.
- • Өмір бойғы байланыс орнату. Түлектерге кездесулер мен іс-шаралар, тәлімгерлік, мектеп бастамалары мен Түлектер қауымдастығы жобалары арқылы қауымдастықтың белсенді қатысушысы болып қалуға ықпал ету.
- Келешек буынға шабыт сыйлау. Қазіргі оқушылармен өз тәжірибесі және сәтті ісі жөнінде бөлісу, оларға әрі қарай білім алу мен кәсіби даму мүмкіндігі туралы білуге көмектесу, болашақ отбасыларды «Мирас» қауымдастығының бір бөлшегі болуға шабыттандыру.
Байланысты үзбеу
Біз барлық түлектерді мектеппен байланыста болуға, мектептегі іс-шараларға қатысуға, қазіргі оқушыларға тәлімгер болуға және қоғамдастықтың болашағын бірге жасауға шақырамыз.
Қашан оқу бітіргеніне қарамастан әрбір түлек өмір бойы «Мирас» отбасының бір бөлшегі болып қала береді.
Байланыс
«Мирас» халықаралық мектебінің түлектер қауымдастығы туралы толығырақ білу немесе деректерді жаңарту үшін хабарласыңыз:
Екатерина Владимировна Руппс
Байланыс менеджері