Консультант по профориентации и поступлению в вузы (Guidance Counselor)
Мектеп кеңесшісі 8–12 сынып оқушыларын қолдайды, оларға академиялық жолында, жеке дамуында және болашақ білім беру мен мансап жолдарын таңдауда көмектеседі.
Кәсіби бағдар беру жөніндегі кеңесші 8-12-сынып оқушыларына өз академиялық даму бағытын айқындауға, жеке әлеуетін дамытуға, сондай-ақ болашақ білім алу және мансаптық даму траекториясының жоспарын түзуге көмектесе отырып, кешенді қолдауды жүзеге асырады.
Кәсіби бағдар беру жөніндегі кеңесші оқушылармен, ата-аналармен әрі педагогтармен тығыз ынтымақтастық пен жеке қатынас негізінде үш негізгі бағыт бойынша жан-жақты қолдауды қатамасыз етеді:
- бейімделу кезеңінде қолдау көрсету арқылы, психоэмоционалдық саулығын сақтау;
- стратегиялық және академиялық жоспарлау;
- кәсіби бағдар беру және университетке түсуге дайындау.
Көрсетілетін қолдаудың барлығы құпиялылық принциптерін сақтай отырып, әр оқушының жеке қажеттілігіне сәйкес ұйымдастырылады. Қолдау жаңа мектеп ортасына біртіндеп бейімделуден бастап, жоғары оқу орнынан шақырту алуға және «Мирас» мектебінен тыс жерде өз бетінше өмір сүруге дайындалуға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

8-9-сыныптар: Болашақта табысқа жету негізін салу
Оқушылар бойында болашақта табысқа жету үшін қажетті негізгі дағдылар мен өзіне деген сенімділік төмендегі бағыттар бойынша қолдауға ие болу арқылы қалыптасады:
- мектеп ортасына бейімделу, әлеуметтік байланысқа түсу және эмоционалдық саулығы үшін жеке қолдау көру;
- тиімді оқу дағдылары (Study Skills), уақытты басқаруы, өзін-өзі ұйымдастыруы және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту;
- кәсіби бағдар беру іс-шараларына қатысу және психометриялық тестілеуден өту;
- мансап күндеріне және түрлі сала сарапшыларымен кездесулерге қатысу;
- жеке қызығушығы, мықты тұстары мен болашақ академиялық басымдығын ерте кезеңнен айқындау.
10-сынып: Болашақ оқу бағытын жоспарлау
Жоғары мектепте білім алуға дайындық кезеңінде жұмыс бағыты саналы шешім қабылдау мен ұзақ мерзімді жоспарлау негізінде жүзеге асырылады.
Қолдау көрсету келесілерді қамтиды:
- IB Дипломдық бағдарламасы (IB Diploma Programme) шеңберіндегі пәндерді таңдауға қатысты кеңес беру;
- университетке түсуге дайындықты стратегиялық жоспарлау бойынша жеке сессиялар өткізу;
- жоғары оқу орындарына түсу талаптарымен және халықаралық әрі ұлттық стандартталған тестілермен (SAT, IELTS, TOEFL, ҰБТ) таныстыру;
- мансаптық мүмкіндіктерді зерделеу және кәсіби даму траекториясын жоспарлау;
- қажеттілік барысында, университетке түсудің балама сценарийлерін және академиялық үзіліс бағдарламаларын (Gap Year) әзірлеп ұсыну.
11-сынып: Бәсекеге қабілетті өтінімдер топтамасын қалыптастыру
Оқушыларға жоғары оқу орнына түсу үшін мазмұнды әрі бәсекеге қабілетті өтінімдер дайындау барысында жан-жақты көмек беріледі.
Жұмыстың негізгі бағыттары:
- Қазақстан және шетел университеттерін зерттеу және өтінім беруге арналған университеттердің соңғы тізімін (shortlist) түзу;
- SAT, IELTS, TOEFL және ҰБТ емтихандарына дайындық кестесін жасау және дайындау;
- мотивациялық эссе мен жеке өтінім хатын (Personal Statements) жазу барысында сарапшылық сүйемел жасау;
- жазғы академиялық мектептер мен университет кампустарында өткізілетін таныстыру бағдарламаларын іріктеу;
- Қазақстандық және шетелдік университет өкілдерімен жеке кездесулер ұйымдастыру;
- стипендия мен қаржылық көмек алу мәселелері бойынша кеңес беру (Scholarships & Financial Aid).
12-сынып: Құжаттар тапсыру және шешім қабылдау
Кәсіби бағдар беру жөніндегі кеңесші университеттерге қабылдау науқанының барлық сатысында оқушыларды қадам сайын сүйемелдейді, олар келесілерді қамтиы:
- құжат тапсыру мерзімдері мен оларды ресімдеуге қойылатын талаптың сақталуын бақылау;
- халықаралық және ұлттық білім беру платформаларымен (Common App, UCAS және т.б.) жұмыс істеуге көмектесу;
- эссе мен өтінім құжатының толық топтамасына қорытынды тексеру жүргізу;
- оқуға түсу сұхбатына дайындық және сынақ сұхбаттарын (Mock Interviews) өткізу;
- гранттар мен стипендиялық бағдарламаларға өтінімдер беру;
- университеттен жауап алу және оқуға қабылдану жөніндегі түпкілікті шешім қабылдау барысында сарапшылық қолдау көрсету.
Оқушылар мен отбасыларға үздіксіз қолдау көрсету
Оқу жылы бойы оқушылар мен олардың ата-аналары төмендегі қызметтерді пайдалана алады:
- жеке консультацияялық сессиялар;
- Drop-in форматындағы жедел кеңес беру (сұраныс бойынша);
- ата-аналарға арналған кеңестер;
- кәсіби бағдар беру іс-шаралары, жәрмеңкелер және университет презентациялары;
- жоғары оқу орындары және білім беру ұйымдарымен тікелей байланыс орнату;
- тағылымдамадан өту орнын, жазғы бағдарламаларды және бастапқы практикалық жұмыс тәжірибесін жинақтау мүмкіндіктерін таңдауға ықпал ету.
Байланыс мәліметі
Кәсіби бағдар беру, мансаптық даму бағытын таңдау және жоғары оқу орнына түсу мәселесі бойынша маманға хабарласа аласыз:
Искандер Адиаев
Кәсіби бағдар беру және жоғары оқу орнына түсу жөніндегі кеңесші (Guidance Counselor)