11-сынып – Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру бағдарламасы
10-сыныпты бітіргеннен кейін оқушылар Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша 11-сыныпта оқуды жалғастыра алады немесе Дипломдық бағдарлама (DP) шеңберінде IB-дың 11-сыныбын таңдай алады.
«Мирас» халықаралық мектебіндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарын оқытудың халықаралық тәсілдерімен ұштастырады. 16-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған бағдарлама академиялық және коммуникативтік дағдыларды дамытумен қоса, елжандылық пен халықаралық ойлау тәсілін, өзіндік зерттеу жүргізу дағдысын, көшбасшылық қасиетті, жеке және әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыруды көздейді.
Бағдарлама «Мирас» мектебі оқушысының бейініне сәйкес оның дене, интеллектуалдық, эмоционалдық және адамгершілік қасиеттері дамуын демей отырып, оқушының жеке басын жан-жақты дамытуға ерекше назар аударады.
Мемлекеттік бағдарлама ұлттық білім беру бағдарламасы талаптарын IB орта мектеп бағдарламасы (MYP) тәсілдерімен үйлестіретін интеграцияланған негізгі мектеп бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады.
11-сыныпта оқушылар ұлттық білім беру бағдарламасында көзделген жеті пәндік салаға бөлінген міндетті пәндерді оқып-үйренеді. Мұнымен қоса бағдарлама оқушыларға өз қызығушылығы мен әрі қарайғы білім беру жоспарына сәйкес тереңдетілген немесе стандартты деңгейдегі пәндерді таңдауға мүмкіндік беретін вариативті бөлімді қамтиды.
Тереңдетілген деңгей
Оқушылар гуманитарлық саладан екі пән таңдайды:
- Дүниежүзілік тарих
- География
- Екінші шет тілі (француз)
- Құқық негіздері
Стандартты деңгей
Оқушылар келесі пәндер ішінен екі пән таңдайды:
- Биология
- Химия
- Физика
- Кәсіпкерлік және бизнес негіздері
Ұсынылған оқу бағыттары студенттерге әрі қарай университетте оқуға дайындалуға және болашақ мамандығын саналы таңдауға көмектеседі.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін оқушылар қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтіп, жалпы орта мектепті бітіргені жөнінде аттестат иеленеді.
