Мектепте тамақтандыру
Оқушылардың физикалық өсуі, энергиясы және назарын қолдауға арналған сау, теңдестірілген және жас ерекшелігіне сай тамақтану.
Дұрыс және теңгерімді тамақтану
Алматы «Мирас» халықаралық мектебінде біз дұрыс тамақтану – оқушылардың саулығы, өсіп-дамуы және оқу жетістіктері үшін маңызды екенін түсінеміз. Мектеп балалардың дене сымбатын жетілдіріп, қажетті күш-жігермен қамтамасыз ету арқылы күні бойы оқуға зейінін шоғырландыруға ықпал ететін толыққанды, теңгерімді әрі жас ерекшелігіне сәйкес тамақтануды ұйымдастырады.
Мектеп мәзірі төмендегілерді ескере отырып, ұсынылған тамақтану нормасына сәйкес мұқият әзірленеді:
- жас ерекшелігіне сәйкес тәуліктік калория қажеттілігі;
- тағамдардың теңгерімді құрамы мен тағамдық құндылығы;
- қант пен тұз мөлшерінің оңтайлы құрамы;
- мәзірге көкөністер мен жемістердің тұрақты түрде енгізілуі;
- тағамның алуан түрлілігі және олардың апта бойы теңгерімді түрде қайталануы.
Барлық тағамдар пайдалы және диеталық тамақтану принциптеріне ерекше мән бере отырып әзірленеді.
Мұқият әзірленген мәзір
Мектепте түрлі жас тобындағы оқушыларды алуан түрлі әрі теңгерімді тамақпен қамтамасыз ететін төрт апталық айналым мәзірі қолданылады.
Тамақтану тәртібі балалардың жас ерекшелігі мен физиологиялық қажеттілігіне сәйкес бейімделген.

Балабақша
Балалар шамамен 3,5 сағат аралықпен күніне бес рет тамақтанады:
- таңғы ас;
- дәрумендік үзіліс;
- түскі ас;
- бесін ас;
- кешкі ас.

Бастауыш мектеп
Оқушылар күніне төрт рет тамақтанады:
- таңғы ас;
- дәрумендік үзіліс;
- түскі ас;
- бесін ас.

Орта және жоғары мектеп
Оқушылар оқу күні бойы белсенді білім алуына қажетті энергиямен қамтамасыз ететін үш рет тамақтанады:
- таңғы ас;
- түскі ас;
- бесін ас.
Жас ерекшелігіне сәйкес тамақтану түрін таңдау
Балабақша тәрбиеленушілері мен бастауыш сынып оқушылары бекітілген күнделікті мәзірге сәйкес тамақтанады. Бұл олардың толыққанды әрі теңгерімді тамақтануын қамтамасыз етеді.
5-сыныптан бастап оқушыларға күнделікті мәзірден тағамдарды өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі. Әдетте, әр тағам түрі бойынша 2-3 нұсқа ұсынылады. Мұндай тәсіл дұрыс және теңгерімді тамақтану принциптерін сақтау барысында, оқушылар дербестігі мен саналы таңдау жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Жеке дербес тамақтану тәсілі
«Мирас» мектебінде арнайы тамақтану жағдайын қажет ететін оқушылардың жеке қажеттілігі де ескеріледі. Атап айтқанда, төмендегі ерекшеліктері бар балаларға қажетті шаралар көзделген:
- тағамдық аллергия;
- лактозаны көтере алмаушылық;
- сүт ақуызына төзбеушілік;
- глютенді көтере алмаушылық;
- тамақтануға қатысты өзге де жеке ерекшеліктер.
Мұндай оқушылар мектептің медициналық қызметі бақылауында болады. Тағамның қауіпсіздігі мен толыққанды тамақтануды қамтамасыз ете отырып, олардың тамақтану рационы жеке төзімділік ерекшеліктеріне сәйкес бейімделеді.ауіпсіздікті, жайлылықты және тиісті тамақтануды қамтамасыз ету үшін жеке бейімделеді.
Сапа мен қауіпсіздікті бақылау
Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру мен оның сапасы жоғары сапа, қауіпсіздік және тағамдық құндылық стандарттарын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде бақылауда болады.
Тамақтануды ұйымдастыруды бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық бақылау қызметі тарапынан жүзеге асырылады, ал тағам сапасына күнделікті бақылауды мектептің ішкі бракераждық комиссиясы жүргізеді.
Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру қызметін Nobel Foods компаниясы ұсынады. Компания тағамдарды кәсіби деңгейде дайындауды, сондай-ақ сапа, тамақтану және тағам қауіпсіздігі саласындағы жоғары стандарттың сақталуын қамтамасыз етеді.
Мектепте тамақтандыру қызметін жеткізуші
«Мирас» халықаралық мектебінде тамақтандыру қызметін білім беру ұйымдарына арналған сапалы әрі толыққанды тағам дайындауға маманданған кәсіби кейтеринг компаниясы Nobel Foods ұйымдастырады.
Nobel Foods мектеппен ынтымақтаса отырып, белгіленген тамақтану нормасын сәйкес тағам дайындауды, сапалы өнім пайдалануды, сондай-ақ тағам қауіпсіздігі мен гигиенаның жоғары стандартын сақтауды қамтамасыз етеді.
Мектептегі тамақтану, мәзір немесе жеке диеталық талаптар жөніндегі сұрақтар бойынша төмендегі байланыс арналары арқылы хабарласу қажет: