Мирас командасы
Мирас тәжірибесін күн сайын қалыптастыратын басшылық пен әкімшіліктің негізгі қызметкерлерімен танысыңыз. Олардың біліктілігі, адалдығы және кемелдікке ортақ ұмтылысы арқылы олар қолдау көрсететін, инновациялық және гүлденген мектеп қауымдастығын қалыптастырады.
Мирастағы әр жетістіктің артында әр оқушыны жеке тұлға ретінде танып, оның академиялық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына бағыт беретін ұстаздар, үйлестірушілер мен қолдау мамандарынан тұратын қамқор қауымдастық тұр.
Мектеп басшылығы

Власянц Ирина Рамильевна
Мектеп директоры
Мектепті стратегиялық басқаруды жүзеге асырып, оқушылар отбасымен, қызметкерлермен және қоғамдастықпен өзара ынтымақтастықты дамыту арқылы жоғары деңгейде білім беру сапасын қамтамасыз етеді.

Машура Анна
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
Оқу бағдарламаларын әзірлеу жұмыстарын басқарады, оқыту мен білім беру сапасын арттыруға ықпал ете отырып, педагогтардың кәсіби тұрғыдан дамуын үйлестіреді.

Шаймерденова Гаухар
Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөіндегі орынбасары
Әрбір баланың тұлғалық дамуын құрметтеуге, өзара түсіністік пен қолдауға негізделген жағымды әрі инклюзивті мектеп ортасын құра отырып, оқушылардың саулығы мен жан-жақты қолдау көрсетуге жауап береді.

Ronel Prinsloo
Бастауыш мектеп директоры
Ерте жастан 4-сыныпқа дейінгі бастауыш мектеп бөлімшесін басқарады, зерттеу негізіндегі оқытуды, көптілді білім беруді және әр баланың әл-ауқатын дамытады.

Үкібасова Динара Төлегенқызы
Директордың бастауыш мектептегі ОӘЖ жөніндегі орынбасары
Бастауыш мектептің күнделікті қызметін үйлестіреді. Педагогтармен және оқушылар отбасымен тығыз байланыс орната отырып, жайлы, қолайлы әрі оқуға ынталандырушы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Брейс Дениэль
Негізгі және жоғары мектеп директоры
5-12-сыныптарды қамтитын негізгі және жоғары мектеп жұмысын басқарады. Білім беру сапасының жоғары деңгейін, оқушылардың жан-жақты саулығын қамтамасыз етіп, олардың білім алуын одан әрі жалғастыруына және табысты болашағын қалыптастыруына жағдай жасайды.

Владимирова Елена Георгиевна
Директордың негізгі және жоғары мектептегі оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
Негізгі және жоғары мектептің күнделікті қызметін үйлестіреді, білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ қауіпсіз әрі инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
IB үйлестірушілері

Тасыбекова Әсел Қажымұратқызы
IB PYP үйлестірушісі
Оқушылардың зерттеу дағдыларын, дербестігін және оқу үдерісіне белсенді қатысуын дамыта отырып, оқытудың жоғары стандарттарын сақтауға ықпал етеді. IB PYP бағдарламасының жүзеге асырылуын үйлестіреді.

Садвакасова Бақыт Ертарғынқызы
IB MYP үйлестірушісі
MYP IB бағдарламасын әзірлеу мен енгізуді, бағалау жүйесін, оқыту дағдыларын дамыту (ATL) бағыттарын және Service as Action бағдарламасы аясындағы бастамаларды іске асыру жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіреді.

Мамедова Айтан
IB дипломдық бағдарламасының үйлестірушісі
Оқу бағдарламасын әзірлеу, бағалау жүйесін ұйымдастыру, оқушыларды университеттерге түсуге дайындау және IB ұйымының негізгі талаптарының орындалуын үйлестіре отырып, IB DP бағдарламасын іске асыруды басқарады.
Қабылдау және оқушыларға қызмет көрсету

Руппс Екатерина
Коммуникация бойынша менеджер
Оқушыларды қабылдау үдерісін және отбасылармен өзара байланысты үйлестіреді. Болашақ оқушылар мен олардың ата-аналарына мектепке қабылдау мәселелері бойынша кеңес беріп, «Мирас» халықаралық мектебі қауымдастығы ішіндегі байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Адинаев Искандер
Кәсіби бағдар беру жөніндегі кеңесші
Оқушыларға академиялық және тұлғалық даму, сондай-ақ білім алуды одан әрі жалғастыру бағыттарын жоспарлау мәселелері бойынша қолдау көрсетеді. Саналы әрі негізді шешім қабылдауға және табысты болашаққа дайындалуға көмектеседі.