Бастауыш сыныптар бағдарламасы (PYP)
Бастауыш мектеп бағдарламасы 3-тен 11 жасқа дейінгі балаларға арналған және Халықаралық бакалавриат бағдарламасының (IB PYP) негізгі ережелеріне және Қазақстан Республикасының білім стандарттарына негізделген.
4
Оқыту тілі
6
Пәнаралық тақырып
3–11
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ
PYP
IB БОЙЫНША АВТОРИЗАЦИЯЛАНҒАН МЕКТЕП

Бағдарлама құрылымы
Бастауыш мектеп бағдарламасы 3-11 жас аралығындағы оқушыларға арналған және Халықаралық бакалавриаттың бастауыш білім беру бағдарламасына (IB PYP), сондай-ақ Қазақстан Республикасы бастауыш білім беруге арналған мемлекеттік білім беру стандартына негізделген.
«Мирас» халықаралық мектебіндегі бастауыш білім беру өмір бойы білім алуға берік негіз қалауға бағытталған екі сатыдан тұрады. Оқу бағдарламасы Халықаралық бакалавриат бастауыш білім беру бағдарламасын (IB Primary Years Programme, PYP) және Қазақстан міндетті білім беру мемлекеттік стандартын біртұтас білім беру жүйесіне біріктіреді.
Ерте жас (3–6 жас)
Ерте жас: мектепке дейінгі білім және балабақша
Балабақша (3—5 жас)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сатысында балалар ойын, зерттеу және арнайы танымдық процесс арқылы білім алады. Бұл олардың қарым-қатынас жасау, әлеуметтік даму және шығармашылық қабілетіне, сондай-ақ оқу, жазу және санаудың бастапқы дағдысына берік негіз қалайды.
Қолжетімді оқыту тілдері:
- Орыс тілі/ағылшын тілі
- Қазақ тілі / ағылшын тілі
Мектепалды даярлық (5—6 жас)
Мектепалды даярлық кезеңінде оқушылар мазмұнды әрі қызықты оқу тәжірибесі арқылы білім алуды жалғастырып, зерттеу дағдысын тереңдетеді және негізгі академиялық дағдыларын нығайтады.
Қолжетімді оқыту тілдері:
- Ағылшын тілі
- Орыс тілі
- Қазақ тілі
1–4 сыныптар
Бастауыш мектеп (1–4 сыныптар)
Бастауыш мектепте оқушылар әртүрлі пәндер бойынша білімді біріктіріп, оны нақты өмірлік жағдаяттармен байланыстыратын алты зерттеу тақырыбы бойынша білім алады. Бағдарлама берік академиялық негіз қалыптастырумен бірге, қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық және халықаралық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Қолжетімді оқыту тілдері:
- Ағылшын тілі
- Орыс тілі
- Қазақ тілі
4-сыныптан бастап оқушылар қосымша пән ретінде француз тілін үйрене бастайды. Бұл олардың көптілділік дағдысын одан әрі жетілдіруге және мәдениетаралық өзара түсіністігін нығайтуға ықпал етеді.
Алты пәнаралық тақырып
Халықаралық бакалавриаттың бастауыш білім беру бағдарламасы (IB PYP) барлық пән саласын оқытуды біріктіретін алты пәнаралық тақырыпқа құрылған. Бұл тақырыптар зерттеуге бағытталған оқыту тәсілін дамытуға, білімді нақты өмірмен байланыстыруға және жаһандық дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
Біз кімбіз?
Тұлғалық бірегейлікті, сенімдер мен құндылықтарды, адамның жеке, дене, зияткерлік, әлеуметтік және рухани саулығын, адамдар арасындағы (отбасы, достар, қауымдастықтар мен мәдениеттер) қарым-қатынасты, сондай-ақ адам болу мәнін зерттеу.
Біз өз ойымызды қалай жеткіземіз?
Тіл мен өнер арқылы идеяларды, сезімдерді, сенімдер мен құндылықтарды ашу және білдіру тәсілдерін зерттеу.
Біз өзімізді қалай ұйымдастырамыз?
Адамзат жүйесі мен қауымдастығын, ұйымдар құрылымы мен қызметін, қоғамдағы шешім қабылдау үдерістерін, экономикалық қызметті, сондай-ақ олардың адамзат пен қоршаған ортаға әсерін зерттеу.
Уақыт пен кеңістікте біз қай жерде тұрмыз?
Кеңістік пен уақытты бағдарлауды, жеке тарихты, туған жер мен саяхаттарды, адамзат жаңалықтарын, зерттеулері мен көші-қон үдерістерін, сондай-ақ жеке тұлғалар мен өркениеттердің қосқан үлесін зерттеу.
Әлем қалай құрылған?
Табиғи және физикалық әлемді, ғылыми-технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ табиғи және адам әрекетінен туындайтын құбылыстарды зерттеу.
Біз планетада қалай бірге өмір сүреміз?
Шектеулі ресурстарды пайдалану барысындағы құқықтар мен міндеттерді, өзге адамдармен және тірі ағзалармен қарым-қатынасты, тең мүмкіндіктерге қол жеткізуді және қақтығыстарды шешу жолдарын зерттеу.
Білім беру бағыттары
Оқушылардың оқу қызметі келесі білім беру бағыты шеңберінде жоспарланады.
Тілдер
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (3-6 жас)
Бұл бағыт қазақ, ағылшын және орыс тілдерін қамтиды. Негізгі назар тілдік құзыреттер мен қарым-қатынас дағдыларын сәби шақтан дамытуға аударылады. Бағдарлама сөйлеу тілін дамытуды, шығармашылық жазуды, сауаттылық негіздерін және драма өнерін қамтиды.
1-4-сыныптар
Бұл бағыт қазақ, ағылшын, орыс және француз тілдерін қамтиды. Негізгі мақсат – тілдік құзыреттер мен қарым-қатынас дағдысын ерте жастан дамыту. Ағылшын тілі бойынша күнделікті сабақтар оқушылардың ағылшын тілінде білім алуға көшуіне қажетті берік тілдік негіз қалыптастырады.
Математика
Бастапқы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, сенсорлық дағдыларды дамыту, құрастыру жұмыстары және STEAM тәсілін оқу бағдарламасына кіріктіру.
Дүниетану
Әртүрлі әлеуметтік топтардың мәдени және тарихи ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру; қазақ халқы және Қазақстанда тұратын өзге де халықтардың әдет-ғұрпы және дәстүрімен таныстыру.
Жаратылыстану
Арнайы ұйымдастырылған ізденіс-зерттеу және танымдық іс-әрекеттер арқылы табиғи құбылыстармен, тірі және өлі табиғат ерекшелігімен таныстыру. Бағыт химия, физика және биология пәндерінің бастапқы негіздерін қамтиды.
Өнер және технологиялар
Музыка, хореография, бейнелеу өнері және цифрлық сауаттылық (DL) бағыттарын қамтиды. Олар шығармашылық пен әлемді эстетикалық қабылдауды дамытуға бағытталған. Цифрлық сауаттылық 1-сыныптан бастап оқытылады.
Дене, әлеуметтік және тұлғалық тәрбие
Дене шынықтыру мен өзін-өзі тануды қамтиды. Бұл бағыттар оқу және барлық сабақтан тыс іс-шара түрлері арқылы жүзеге асырылады. Негізгі мақсаты – оқушылар бойында құндылық қасиеттерді және жалпы білім алу қабілетін қалыптастыру.
Өмір бойы білім алуға қажетті дағдылар
PYP бағдарламасы оқушыларды ізденімпаз, ойшыл, қарым-қатынасқа қабілетті, сондай-ақ ұстанымы берік, қамқор, өз іс-әрекетіне рефлексия жасайтын және жаңа көзқарастарға ашық тұлға болуға ынталандыра отырып, IB оқушысы бейінін қалыптастыруға ерекше назар аударады. Сонымен қатар оқушылардың мектепте де, одан тыс ортада да табысты болуына ықпал ететін қарым-қатынас жасау, зерттеу, ойлау, өзін-өзі басқару және әлеуметтік дағдыларын қамтитын «Оқыту тәсілдері» (Approaches to Learning, ATL) аясында да өзіне қажетті маңызды дағдыларды дамытуға мүмкіндік алады.
Қарым-қатынас дағдылары
Ақпарат алмасу – тыңдау, түсіну және сөйлеу қабілеті. Сауаттылық – оқу, жазу және ақпаратты жинау мен жеткізу үшін тілді қолдану қабілеті. Цифрлық сауаттылық –
технологияларды пайдалана отырып қарым-қатынас жасау.
Әлеуметтік дағдылар
Тұлғааралық қарым-қатынас, әлеуметтік және эмоциялық интеллектіні дамыту. Жағымды тұлғааралық байланыстар орнатуға және ынтымақтастыққа үйрену.
Ойлау дағдылары
Сыни, шығармашылық, білімді тасымалдау және метатанымдық ойлау дағдыларын дамыту.
- Сыни ойлау – мәселе және идеяны талдау және бағалау, шешім қабылдау.
- Шығармашылық ойлау – жаңа идея ұсыну және мәселеге тың көзқараспен қарау.
- Білімді тасымалдау – дағды мен білімді әртүрлі контексте қолдана білу.
- Рефлексия және метатаным – оқу үдерісін ой-елегінен өткізу.
Зерттеу дағдылары
Ақпараттық және медиасауаттылықты, ақпаратты этикалық тұрғыдан пайдалануды қамтиды.
- Ақпараттық сауаттылық – ақпаратты тұжырымдау, іздеуді жоспарлау, жинау, тіркеу, қорытындылау және түсіндіре білу.
- Медиасауаттылық – идея туындату және пайдалану мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу.
- Ақпарат құралдарын этикалық пайдалану – технология саласындағы әлеуметтік және этикалық ұстанымдарды түсіну және пайдалану.
Өзін-өзі басқару дағдылары
Ұйымдастырушылық қабілеті және ақыл-ойын басқару стратегиясын қамтиды.
- Ұйымдастыру – уақыт пен міндеттерді тиімді басқару.
- Ойлау күйі – зейін, эмоция және қабылдауды реттеуге мүмкіндік беретін стратегияларды пайдалану.
Қорытындылау және шегіне жеткізу іс-шарасы
PYP көрмесі
Бастауыш мектепте оқытудың шарықтау шегі мен қорытынды сатысы – PYP көрмесі болып табылады. Оның барысында оқушылар жеке және топтық жобаларын таныстырып, барлық оқу пәндері бойынша меңгерген білімін, қабілеті мен дағдысын көрсетеді. Осылайша, олар IB оқушысы бейінінің негізгі белгілерін іс жүзінде, күнделікті өмірде іске асырады.