Мазмұнға өту
Miras International School Almaty
Өтінім беру

MIS MUN Халықаралық конференциясы

Ертеңгі жаһандық көшбасшыларды дамыту

For more than 20 years, Miras International School Almaty has proudly hosted the MIS MUN International Conference—one of Kazakhstan's longest-running and most respected Model United Nations (MUN) conferences. Each year, the conference brings together students from Kazakhstan and abroad to engage in meaningful debate, diplomacy, and international cooperation while addressing some of the world's most pressing challenges.

Жаһандық болашақ көшбасшысын қалыптастыру жолында

Алматы «Мирас» халықаралық мектебі 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы үлгісіндегі ең байырғы әрі беделді конференцияның бірі – БҰҰ моделі (Model United Nations, MUN) форматындағы халықаралық конференцияны табысты өткізіп келеді. Жыл сайын конференция Қазақстан және өзге елдерден келген оқушылардың басын қосып, бүгінгі заманның өзекті мәселелерін шешу жолдарын іздеуге бағытталған сындарлы сұхбат, өзара дипломатиялық іс-қимыл және халықаралық ынтымақтастық үшін ерекше бірегей алаң құрады.

MIS MUN конференциясы қатысушыларға Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмыс істеу принциптері және тетіктерімен танысу мүмкіндігін ұсынады. Қатысушылар түрлі мемлекет өкілі рөлінде халықаралық саясат мәселесін талқылайды, қарар жобалар әзірлейді, сондай-ақ әртүрлі елдер мен мәдениеттен келген құрдастарымен өзара пікір алмасып, ынтымақтастық орнатады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі (MUN) дегеніміз не?

Model United Nations (MUN) – оқушылар БҰҰ-ға мүше мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар делегаты ретінде әрекет ететін, Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін үлгі ететін білім беру бағдарламасы.

Комитетитегі жұмыс, пікірсайыс пен келіссөзге қатысу арқылы оқушылар халықаралық қатынас, дипломатия, адам құқығы, тұрақты даму және көпжақты ынтымақтастық туралы білімін тереңдетуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, көпшілік алдында сөйлеу, сыни ойлау, өз пікірін дәлелді жеткізу, көшбасшылық және командада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді.

Неліктен MIS MUN конференциясына қатысу қажет?

MIS MUN конференциясы XXI ғасырда қажетті негізгі құзыреттерді дамытуға ықпал ететін практикаға бағытталған тәжіриблік білім беру мүмкіндігін ұсынады, ол келесілерді қамтиды:

  • көпшілік алдында сөйлеу және тиімді қарым-қатынас жасау дағдысыы;
  • сыни ойлау және салмақты шешім қабылдау қабілеті;
  • келіссөздер жүргізу және дипломатиялық қарым-қатынас дағдылары;
  • көшбасшылық және командада тиімді жұмыс істеу дағдысы;
  • зерттеу жүргізу және талдау дағдылары;
  • мәдениетаралық құзыреттілік және жаһандық ойлау қабілеті.

Конференция қатысушылардың халықаралық мәселелерді объективті талдау, түрлі көзқарасқа құрметпен қатынас және жаһандық деңгейдегі күрделі мәселенің сындарлы шешімін бірлесіп әзірлеу қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Конференция құрылымы

Делегаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) түрлі комитеті жұмысына қатысып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді ресми парламенттік рәсімдерге сәйкес қарастырады. Конференция бағдарламасына байланысты жұмыс келесі комитеттер аясында ұйымдастырылуы мүмкін:

  • БҰҰ Бас Ассамблеясы;
  • БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі (UNSC);
  • БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі (UNHRC);
  • БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP);
  • Бас Ассамблеяның қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Бірінші комитеті (DISEC);
  • Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссия (CCPCJ).

Комитет мәжілістері ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде өткізіледі, бұл әртүрлі тілді оқушылардың конференция жұмысына тең қатысуына кең мүмкіндік беріп, көптілді қарым-қатынас дағдысын дамытуға ықпал етеді.

Халықаралық білім беру ортасы

MIS MUN конференциясына Қазақстан және басқа елдерден 9-12-сынып оқушылары қатыса алады. Конференция барысында делегаттар:

  • өздеріне бекітілген мемлекет атынан өкілдік етеді;
  • халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды;
  • қарар жобаларын әзірлеп, оларды өзара келіседі;
  • әртүрлі елден келген құрдастарымен өзара ынтымақтастық орнатады;
  • көшбасшылық қасиетін, өзіне сенімін және халықаралық ынтымақтастық дағдысын дамытады.

Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға қатысқанын және халықаралық диалог пен дипломатия мәдениетін дамытуға қосқан үлесін растайтын сертификат табысталады.

Конференциядан да ауқымды мүмкіндік

MIS MUN конференциясына қатысу комитеттер жұмысына арналған бірнеше күнмен ғана шектелмейді. Конференция халықаралық ынтымақтастықты, мәдениетаралық диалогты және жауапты жаһандық азаматтықты дамытуға мүдделі, белсенді, бастамашыл әрі мақсаткер жастарды  тоғыстырады.

Конференция барысында жинақталған тәжірибе қатысушылардың жетекші университетте білім алуға дайындығына, халықаралық ортада кәсіби қызмет атқаруы мен бүгінгі әлем өміріне белсене араласуына ықпал етеді.

MIS MUN конференциясына қосылыңыз!

Сіз Модель Біріккен Ұлттар Ұйымы форматындағы конференцияға алғаш рет қатыссаңыз да, бұл бағытта тәжірибеңіз болса да, БҰҰ моделі зияткерлік дамуға, көшбасшылық және дипломатиялық дағдыларды жетілдіруге, халықаралық дүниетанымды кеңейтуге, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген пікірлес адамдармен кәсіби және достық байланыстар орнатуға қолайлы білім алу ортасын ұсынады.
Біз оқушыларды БҰҰ моделі қауымдастығының бір бөлігі болуға және халықаралық диалог, ынтымақтастық пен өзара түсіністік мәдениетін дамытуға өз үлесін қосуға шақырамыз.
Конференция, тіркелу тәртібі, комитет тақырыптары мен маңызды күндер туралы толық ақпарат алу үшін MIS MUN ресми сайтына кіріңіз:

Қабылдауға өтінім

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз. Қабылдау комиссиясы мектепке түсу бойынша көмектеседі.

Мектепке экскурсия

Miras Almaty мектебіне келуге ыңғайлы күнді таңдаңыз. Күн мен уақытты растау үшін сізбен байланысамыз.

Күнді таңдаңыз. Мектеп қызметкері сізбен байланысып, келу күні мен уақытын растайды.