Қауіпсіздік және әл-ауқат

Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебінде әрбір оқушы мен қызметкердің қауіпсіздігі, амандығы және қорғалуы – басты басымдық болып табылады. Біз кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі, төтенше жағдайларға даяр болу және оның алдын алу шаралары арқылы қауіпсіз, саламатты әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ұмтыламыз.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсіліміз кәсіби қолдау қызметтерін, заманауи қауіпсіздік жүйелерін, төтенше жағдайлар қызметімен тығыз өзара іс-қимыл арқылы тұрақты оқыту мен жаттығуларды қамтиды. Бұл мектеп қауымдастығының барлық мүшесінің қауіпсіздігі мен амандығына қамқорлық жасауға мүмкіндік береді
Қауіпсіздік және шұғыл көмек қызметтері
«Мирас» халықаралық мектебінде қауіпсіздік және төтенше жағдайларға ден қоюға жауапты кешенді қызмет жүйесі жұмыс істейді. Оның құрамына келесілер кіреді:
- кәсіби күзет қызметі;
- мектеп аумағында орналасқан медициналық қызмет;
- мектеп инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуіне жауапты пайдалану мен техникалық қызмет көрсету бөлімдері;
- еңбек қауіпсіздігі және қауіпсіздік техникасы талаптарының сақталуын бақылаушы инженер.
Мектеп мұнымен қоса, қауіпсіздік жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі және техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуші мамандандырылған ұйымдармен ынтымақтасады. Олар:
- бейнебақылау жүйелері;
- шұғыл хабарлау және байланыс жүйелері;
- автоматты дабыл жүйесі мен қауіпсіздікті бақылауға арналған жабдықтар.
Мектеп аумағы күзеті және лаңкестік қатерлердің алдын алу шаралары
Мектеп аумағы күзет қызметінің тәулік бойы бақылауында, бұл бүкіл оқушылар, қызметкерлер және келушілер қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шаралары:
- мектеп аумағына кіруді бақылау және келушілерді тіркеу;
- мектеп кампусы аумағында үздіксіз бейнебақылау жүргізу;
- келушілердің ғимаратқа кіруін және оның ішіндегі қозғалысын бақылау;
- «Күзет Қорғау» күзет қызметімен тікелей байланысуға мүмкіндік беретін дабыл түймелері жұмыс істеуі.
Бұл жүйелер оқиғаларға жедел ден қоюды қамтамасыз етіп, жалпы мектеп қауіпсіздігі деңгейін арттырады.
Өрт қауіпсіздігі
Мектепте өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар қатаң сақталады. Оқушылар мен қызметкерлер қауіпсіздік жөніндегі инструктаждардан ұдайы өтіп, оқу эвакуациясы мен төтенше жағдай барысындағы іс-қимыл жаттығуларына қатысады.
Эвакуация жоспары мен өрт сөндіру құралдары әр қабатта көрнекі әрі қолжетімді жерлерге қойылған. Өрт қауіпсіздігі жүйесінің барлығы жарамдылығы мен пайдалануға дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде тексеріледі.
Төтенше жағдайларға дайындық
Мектепте түрлі төтенше жағдай кезінде әрекет етудің нақты шаралары мен алгоритмдері әзірленген. Олар:
- өрт;
- жер сілкінісі;
- қауіпсіздікке төнетін қатерлер және эвакуация қажеттілігі;
- өзге де күтпеген оқиғалар.
Оқушылар мен қызметкерлер оқу-жаттығуларға және практикалық сабақтарға тұрақты түрде қатысады. Бұл оларға төтенше жағдайға дайын болуға және қажеттілік барысында сенімді әрекет етуге көмектеседі.
Сондай-ақ мектеп Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қалалық шұғыл хабарлау жүйесіне қосылған.
Медициналық көмек және денсаулықты қорғау
Оқушылардың денсаулығы мен амандығы мектеп аумағында орналасқан медициналық кабинет арқылы қамтамасыз етіледі, ол қажет болуы барысында дер кезінде медициналық көмек көрсетеді.
Мектепте санитария және гигиена бойынша жоғары стандарттар сақталады, жұқпалы ауру таралуының алдын алу шаралары жүзеге асырылады, сондай-ақ оқушылар мен қызметкерлердің денсаулық мәселесі жөніндегі хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізіледі.
Цифрлық қауіпсіздік және интернеттегі қорғаныс
«Мирас» халықаралық мектебі цифрлық сауаттылық пен интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Оқушылар төмендегі тақырыптар бойынша жас ерекшелігіне сәйкес сабақтар мен талқылауларға қатысады:
- интернетті қауіпсіз пайдалану;
- дербес деректерді қорғау;
- әлеуметтік желілердегі жауапты мінез-құлық;
- киберқауіпсіздік пен цифрлық саулық.
Бұл бастамалар оқушыларға цифрлық технологияларды саналы әрі жауапты пайдалануға көмектеседі.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелері
Қауіпсіздік жөніндегі инструктаждар – мектеп өмірінің ажырамас бөлігі. Оқушылар төмендегі іс-шараларға қатыспас бұрын міндетті түрде қауіпсіздік инструктажынан өтеді:
- ғылыми зертханалардағы практикалық сабақтар;
- дене шынықтыру сабақтары;
- сыныптан тыс іс-шаралар мен мектепішілік шаралар.
Бұл шаралар оқушыларға қауіпсіздік ережелерін меңгеруге, өз қауіпсіздігі мен айналасының қауіпсіздігі үшін жауаптылыққа үйренуге көмектеседі.
Білім беру сапарлары мен экскурсиялар кезіндегі қауіпсіздік
Білім беру сапарлары мен экскурсиялар кезінде оқушылардың қауіпсіздігі мұқият жоспарланып, тұрақты бақылауда болады. Әрбір сапар алдында іс-шара жетекшілері мен оқушылар келесі тақырыптарды қамтитын міндетті инструктаждан өтеді:
- қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері;
- ашық ауадағы және табиғи ортадағы қауіпсіздік;
- көлікпен және автобуспен жүру барысындағы қауіпсіздік ережелері;
- төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі.
Инструктаждарды мектептің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманы өткізеді, бұл оқушыларды мектептен тыс іс-шараларға қауіпсіз қатысуға дайындауға мүмкіндік береді.
Төтенше жағдайлар қызметімен өзара іс-қимыл
«Мирас» халықаралық мектебі төтенше жағдайларға тиімді ден қою және қауіпсіздік бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен, құқық қорғау органдарымен және медициналық қызметтермен тығыз ынтымақтастықта болады.
Мұнымен қоса, мектептің сыртқы бейнебақылау камералары Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Бұл қажет болған жағдайда жедел байланыс орнатуға және іс-қимылдарды үйлестіруге ықпал етеді.
Алдын алу жұмыстарының жүйелі жүргізілуі, тұрақты оқыту мен жаттығулар, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді жүйесі арқылы «Мирас» халықаралық мектебі әрбір оқушы өзін қауіпсіз сезінетін, қажетті қолдауға ие болатын және оқуына толық көңіл бөле алатын білім беру ортасын қалыптастыруға ұмтылады.