Жоғарғы мектеп
Жоғары мектеп екі бағытпен ұсынылады — Miras High School бағдарламасы және Халықаралық Бакалавриат Дипломдық бағдарламасы — оқушыларды әлемнің жетекші университеттеріне түсуге дайындайды.
10–11 сыныптар
Miras High School бағдарламасы
Қазақстан және халықаралық білім беру стандарттарын кіріктіруге негізделген, оқушыларды әлемнің түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орнында білімін жалғастыруға бейіндік тұрғыдан дайындауға бағытталған екі жылдық білім беру бағдарламасы.
IB дипломы
Халықаралық бакалавриат Дипломдық бағдарламасы
16-19 жас аралығындағы, 10-сыныпты аяқтағаннан кейін оқуға түсетін оқушыларға арналған екі жылдық Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасы.

IB Әлемдік мектеп
Халықаралық бакалавриат дипломдық бағдарламасы
Алматыдағы «Мирас» халықаралық мектебінде Халықаралық бакалавриат Дипломдық бағдарламасы (DP) 11 және 12 сыныптарда қатаң және халықаралық деңгАлматы «Мирас» халықаралық мектебінде Халықаралық бакалавриат Дипломдық бағдарламасы (DP) 11—12-сыныптарда университетке түсуге дайындайтын, академиялық талаптары жоғары әрі халықаралық деңгейде мойындалған бағдарлама ретінде ұсынылады. DP бағдарламасы күрделі оқу бағдарламасын меңгеруге, дербес зерттеу жүргізуге және сыни ойлауды жоғары деңгейде дамытуға дайын, академиялық оқуға ынталы оқушыларға арналған.
Әлемнің жетекші университеттері мойындайтын IB Дипломдық бағдарламасы оқушыларды жоғары оқу орнына түсуге ғана емес, университетте оқуды бастағаннан кейін де ұзақ мерзімді академиялық жетістікке жетуге дайындайды. Бағдарлама бәсекеге қабілетті университет ортасында жоғары бағаланатын аналитикалық, зерттеу және коммуникациялық дағдыларды, сондай-ақ уақытты тиімді басқару қабілетін дамытады.
DP бағдарламасының жоғары академиялық деңгейі бүкіл әлемде кеңінен танылған. Көптеген елдер мен оқу орындарында IB Дипломдық бағдарламасы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізген оқушыларға университеттік кредиттер алу, бұрын меңгерілген пәндерді есепке жатқызу немесе тиісті оқу бағыттары бойынша кіріспе курстардан босатылу мүмкіндігі берілуі мүмкін. Мұндай мойындау DP оқу бағдарламасының тереңдігі мен күрделілігін, сондай-ақ оның университеттің бірінші курсындағы талаптарға сәйкестігін көрсетеді.
Алматыдағы «Мирас» халықаралық мектебінің оқушылары IB Дипломдық бағдарламасы бойынша білім алумен қатар, 11-сыныпта Қазақстан Республикасы мемлекеттік қорытынды аттестаттау талаптарын орындауға да мүмкіндік алады. Нәтижесінде түлектер оқуын аяқтап, төмендегі құжаттарды иеленеді:
- Мемлекеттік үлгідегі орта білім туралы аттестат;
- «Мирас» халықаралық мектебінің дипломы;
- Халықаралық бакалавриат дипломы.
Мұндай интеграцияланған тәсіл оқушыларға университетке түсу және әрі қарайғы келешек үшін ұлттық әрі халықаралық мүмкіндіктерді сақтауға мүмкіндік береді.
Оқу жоспары
IB пәндік топтары
DP оқу бағдарламасы пәндерді кеңінен қамтуды және белгілі бір бағыттар бойынша тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ететін алты пәндік топқа негізделген. Оқушылар келесі пәндік топтарды оқып-үйренеді:
- Тіл және әдебиет
- Шет тілі
- Адам және қоғам
- Жаратылыстану ғылымдары
- Математика
- Өнер
Пәндер Жоғары деңгейде (Higher Level, HL) немесе Стандартты деңгейде (Standard Level, SL) оқытылады. Бұл оқушыларға болашақ академиялық бағытына сәйкес сала бойынша терең білім алуға мүмкіндік береді.
Тіл және әдебиет
Тіл және әдебиет
Ағылшын тілі: тіл және әдебиет
Орыс тілі: әдебиет
Шет тілі
Тілді меңгеру
В ағылшын тілі
В орыс тілі
Орыс тілі ab initio (бастапқы деңгей)
В француз тілі
Француз тілі ab initio (бастапқы деңгей)
В испан тілі
Испан тілі ab initio (бастапқы деңгей)
Жекелеген тұлғалар және қоғам
Адам және қоғам
Экономика
Бизнес менеджмент
Дүниежүзі тарихы
Психология
Жаратылыстану ғылымдары
Жаратылыстану ғылымдары
Химия
Биология
Физика
Компьютерлік ғылымдар
Математика
Математика
Талдау және тәсілдер (Analysis and Approaches)
Өнер
Өнер
Бейнелеу өнері
Оқушылар әр пәндік топтан пәндер таңдайды, мұнда өз қызығушылығы мен университетке түсу мақсатына сәйкес олар «Өнер» тобындағы пәнді басқа академиялық бағыттағы қосымша пәнмен алмастыра алады.
Дипломдық бағдарлама негізі
Халықаралық бакалавриат Дипломдық бағдарламасының (DP) негізін DP Core – бағдарлама ядросы құрайды, ол Халықаралық бакалавриатты дәстүрлі университетке дейінгі дайындық бағдарламасынан ерекшелеп, оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Таным теориясы (Theory of Knowledge, TOK)
Білім табиғатын және біз өзіміз білеміз деп есептейтін нәрселерді тану қалайекендігін зерттеуге арналған пәнаралық курс.
Кеңейтілген эссе (Extended Essay, EE)
Университеттік зерттеу жұмысының талаптарына сай орындалатын, көлемі 4 000 сөзге дейінгі дербес зерттеу жұмысы.
Шығармашылық, белсенділік және қоғамға қызмет ету (Creativity, Activity, Service, CAS)
Оқушылардың тұлғалық дамуына, өмірдегі тепе-теңдікті сақтауға және академиялық оқудан тыс қызметке саналы әрі белсенді қатысуына ықпал ететін бағдарлама.
Осы компоненттер бірлесе отырып, оқушылардың өз іс-әрекетіне сыни тұрғыдан баға беретін, халықаралық деңгейде ойлайтын және әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, күрделі жаһандық мәселелерді шешуге дайын тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Бағалау жүйесі
«Мирас» халықаралық мектебінде Халықаралық бакалавриат Дипломдық бағдарламасы (DP) бойынша бағалау жүйесі академиялық жетістіктерді бағалаумен қоса, оқушылардың өз оқуына рефлексия жасайтын, дербес әрекет ететін және халықаралық деңгейде ойлайтын тұлға болып қалыптасуына да ықпал етеді. DP бағдарламасында ішкі және сыртқы бағалаудың теңгерімді үйлесімі қолданылады. Бұл тәсіл оқушыларға екі жылдық оқу барысында өз білімі мен түсінігін алуан түрлі тәсілмен көрсетуге мүмкіндік береді.
Ішкі бағалау
Ішкі бағалау бүкіл оқу бағдарламасын игеру бойы жүргізіледі. Оқушылар жұмыстары алдымен мектеп мұғалімдері тарапынан бағаланып, кейін Халықаралық бакалавриат (IB) ұйымының модерациясынан өтеді. Бұл тапсырмалар оқушыларға алған білімін тәжірибеде, шығармашылықпен және жеке тәсіл арқылы қолдануға мүмкіндік береді. Осылайша, бағалау тек қорытынды емтиханмен шектелмей, оқу үдерісінің маңызды бөлігіне айналады.
Ішкі бағалау төмендегілерді қамтуы мүмкін:
- Ауызша презентациялар мен сұхбаттасулар;
- Ғылыми зерттеулер мен зертханалық жұмыстар;
- Математикалық зерттеулер;
- Шығармашылық қойылымдар мен портфолиолар;
- Жеке зерттеу жобалары.
Бағалаудың бұл түрлері оқушыларға өмір бойы қажет болатын қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық, мәселелерді шешу, рефлексия және дербес зерттеу жүргізу тәрізді маңызды дағдыларды дамытуға көмектеседі.с зерттеу дағдыларын — нығайтуға көмектеседі.
Сыртқы бағалау
Сыртқы бағалауды әлемнің әртүрлі елдеріндегі Халықаралық бакалавриат (IB) ұйымының емтихан алушылары жүргізеді. Әдетте, ол DP бағдарламасы бойынша оқу аяқталған кезде өткізіледі. Бағалаудың бұл түрі оқушыларға халықаралық стандартталған талаптар аясында өз білімдерін, сыни ойлау және аналитикалық дағдыларын көрсетуге мүмкіндік береді.
Пәнге байланысты сыртқы бағалау төмендегілерді қамтуы мүмкін:
- Жазбаша емтихандар;
- Зерттеу эсселері;
- Нақты жағдаяттарды талдау (case studies);
- Аудиоматериалды тыңдап түсіну және оқу дағдысын бағалау;
- Толық әрі дәлелді жазбаша жауаптар.
Сыртқы бағалаудың негізгі компонентінің бірі – Кеңейтілген эссе (Extended Essay). Бұл оқушыларға өзін қызықтыратын тақырыпты терең зерттеуге мүмкіндік беретін дербес зерттеу жобасы. Сонымен қатар ол зерттеу жүргізу дағдысын және университет деңгейіндегі академиялық жазу қабілетін дамытуға ықпал етеді. сонымен бірге университеттік деңгейдегі зерттеу және академиялық жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін дербес зерттеу жобасы.
Біртұтас және халықаралық тәсіл
IB Дипломдық бағдарламасы ақпаратты жаттап алуды ғана бағаламайды. Оның бағалау жүйесі оқушылардың білуге деген құштарлығын, терең түсінуін және алған білімін нақты өмірлік жағдаятта қолдану қабілетін бағалау тұрғысында әзірленген. Оқу барысында орындалатын курстық жұмыстарды халықаралық стандарттар бойынша бағаланатын емтихандармен ұштастыру арқылы оқушылар өздерінің академиялық жетістігін де, тұлғалық даму деңгейін де көрсетуге мүмкіндік алады.
Мұндай теңгерімді тәсіл оқушыларды әлемнің жетекші университетінде табысты оқуға ғана емес, үнемі өзгермелі жаһандық қоғамның сын-қатерлері мен мүмкіндігіне әзірн болуға да даярлайды.
9–10 сыныптар
Дайындық курстары
9-10-сынып оқушыларына арналған ағылшын тіліндегі таңдау пәндері Халықаралық бакалавриат Дипломдық бағдарламасы бойынша (11-12-сынып) білім алуға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Дипломның мойындалуы
Дипломның мойындалуы
Халықаралық бакалавриат дипломын әлемнің жетекші университеттері мойындайды. Ол көптеген университетке түсу кезінде қабылдау емтиханын тапсырусыз және дайындық бағдарламасынан (Foundation programmes) өтусіз оқуға түсу мүмкіндігін береді.