«Мирас» халықаралық мектебіндегі (Алматы қ.) Оқытуды қолдау орталығы

«Мирас» халықаралық мектебінің Оқытуды қолдау орталығы инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруға және әрбір оқушыға жан-жақты қолдау көрсетуге ұмтылады.
Орталық балабақшадан бастап жоғары сыныптарға дейінгі әрбір баланың жеке ерекшелігін, білім алу қажеттілігін, қабілетін және даму қарқынын ескеретін қолайлы әрі шығармашылыққа жетелеуші орта қалыптастырады.
Біздің басты мақсат
Әрбір оқушының академиялық, әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыда табысты білім алуына, тұлғалық өсуіне және өз әлеуетін толық ашуына мүмкіндік беретін жағдайлар жасау.
Негізгі жұмыс ұстанымымыз
Орталық мамандары заманауи қолдау әдістері мен оқытудың сараланған тәсілдерін қолдана отырып, педагогтар, ата-аналар және мектеп әкімшілігімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.
Орталық жұмысының негізі:
- әрбір баланың жеке тұлғасын құрметтеу;
- оқушылардың эмоционалдық саулығына қамқорлық жасау;
- мектеп пен отбасы арасындағы серіктестік және ынтымақтастық;
- дербестік пен өзіне деген сенімділікті дамыту;
- қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыру.
Негізгі қызмет бағыттары
Психологиялық қолдау
Психологиялық қолдау қызметі оқушыларға дамуы мен білім алуының барлық сатысында көмек береді.
Бағыт келесілерді қамтиды:
- жеке және топтық консультациялар;
- ата-аналар және педагогтармен өзара іс-қимыл;
- психологиялық диагностика және мониторинг;
- қарым-қатынас дағдылары мен эмоционалдық интеллектіні дамыту;
- оқу мен мінез-құлық қиындықтарының алдын алу;
- мектепке бейімделу үдерісіне сүйемел жасау.
Академиялық қолдау жасау
Орталық оқушыларға оқу қиындықтарын еңсеруге және өз күшіне сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі.
Қолдау көрсету бағыттары:
- күрделі академиялық тақырыптарды түсіндіру;
- үй тапсырмаларын орындауға көмектесу;
- бақылау және бағалау жұмыстарына дайындау;
- жобалық қызметті сүйемелдеу;
- өзін-өзі ұйымдастыру және тиімді оқу дағдыларын қалыптастыру.
Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕББҚ) бар оқушыларды қолдау
Мектеп балалардың жеке мүмкіндігі мен білім алу қажеттілігіне сәйкес қолдау көрсетеді.
Негізгі жұмыс түрлері:
- оқу үдерісі мен оқу материалдарын бейімдеу;
- жеке оқу жоспарларын (ЖОЖ) әзірлеу;
- академиялық және тұлғалық ілгерілеу барысын ұдайы бақылау;
- оқушылар отбасымен тығыз байланыс орнату;
- мұғалімдер мен бейінді мамандардың бірлескен жұмысы;
- табысты әлеуметтік интеграция мен әлеуметтенуге ықпал ету.
Логопедиялық қызмет
Мектеп мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға логопедиялық қызмет көрсетеді.
Логопедтер 4,5 жастан 7 жасқа дейінгі балалармен жұмыс істеп, келесі қызметтер ұсынады:
- сөйлеу тілінің дамуын диагностикалау;
- түзету-дамыту сабақтарын өткізу;
- байланыстырып сөйлеу мен тілдік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
- сөйлеу тіліндегі кемшін тұстардың алдын алу және оларды түзету;
- ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету.
Логопедтердің негізгі мақсаты – баланың сөйлеу тілінің үйлесімді дамуына және мектеп ортасына жеңіл әрі жайлы бейімделуіне ықпал ету.
Кәсіптік бағдар беру және жоғары оқу орындарына түсуге дайындық (Guidance Counseling)
Мектеп кәсіби бағдар беруші маман (Counselor) көмегімен жоғары сынып оқушылары мен олардың отбасына болашақ мамандықты анықтау және университет таңдау мәселелері бойынша сарапшылық қолдау көрсетеді.
Кәсіптік бағдар беру жөніндегі кеңесші:
- оқушылар мен ата-аналарға жеке консультациялар өткізеді;
- академиялық даму мен кәсіби бағдардың жеке бағытын жоспарлауға көмектеседі;
- Қазақстан және шетелдік университет өкілдерімен кездесулер ұйымдастырады;
- кәсіптік бағдар тақырыбындағы іс-шаралар мен презентациялар өткізеді;
- Қазақстан және әлемнің жоғары оқу орындарына құжат тапсыру үдерісіне толық сүйемел жасайды;
- құжаттар топтамасын дайындау және болашақ білім алу бағытын стратегиялық жоспарлау мәселесі бойынша кеңес береді.
Жеке қатынас
Оқытуды қолдау орталығы әрбір оқушыға өз қарқынымен дамуға, жоғары оқу мотивациясын сақтауға, өзіне деген сенімін нығайтуға және оқуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға көмектеседі.
Біздің мақсат – әр баланың өзін қауіпсіз сезінуіне, жан-жақты қолдау алуына және мектеп қауымдастығы аясында өз әлеуетін толық жүзеге асыруына мүмкіндік жасау.