Мазмұнға өту
Miras International School Almaty
Өтінім беру

Көшбасшылық бағдарламасы

Бастамашылдық пен жауапкершілік

Purpose of the programme

«Мирас» халықаралық мектебінде көшбасшылық тұлғалық даму, жауапкершілік және мектеп қауымдастығының өміріне елеулі үлес қосу жолы ретінде қарастырылады. Көшбасшылық бағдарламасы оқушылардың бастама көтеру қабілетін, ынтымақтастық дағдысы мен қоғам игілігі үшін қызмет етуге ұмтылысын дамыта отырып, олардың мектеп пен қоғамның сенімді, жауапты және белсенді мүшесі болып қалыптасуына ықпал етеді.

Мектеп өміріне белсенді қатысу, оқушылар бастамасымен ұйымдастырылатын іс-шаралар, әлеуметтік жобалар және қоғамдастықпен өзара әрекеттесу арқасында  оқушылар өзіне деген сенімін күшейтіп, өзара астасып жатқан әлемде саналы әрі тиімді көшбасшы бола түсуіне  қажетті дағдысын  дамытады.

Бағдарламаның мақсаттары

Көшбасшылық бағдарламасы төмендегі мақсаттарға бағытталған:

  • оқушылар бастамашылдығы мен жауапкершілігін дамыту;
  • өзіне сенімділік, дербестік және шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру;
  • командалық жұмыс, ынтымақтастық және тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
  • адалдық, елгезектік және өзгелерге құрметін қалыптастыру;
  • оқушыларды мектеп пен қоғамдастық өміріне белсенді қатысуға ынталандыру;
  • халықаралық ойлау қабілетіне ие болашақ көшбасшы дамуына қолдау көрсету.

«Мирас» мектебінде көшбасшылық белгілі бір лауазымға немесе билікке ие болу ғана емес, сондай-ақ оң өзгерістерге ықпал ету, өзгелерді шабыттандыру және қоғамдастықтың дамуына елеулі үлес қосу қабілеті ретінде қарастырылады.

IB бағдарламасын оқып-үйренудің өн бойында көшбасшылықты дамыту

«Мирас» мектебінде IB бағдарламасы бойынша бүкіл білім алу сатысында көшбасшылық қасиет жүйелі түрде дамытылады. Әрбір сатыда  оқушыларға бастамашылдық танытуға, өз мойнына жауапкершілік алуға және қоғам игілігі үшін қызмет етуге дайын болуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасалады.

Бастауыш мектеп бағдарламасы (PYP): дербестік пен оқушының белсенді ұстанымы

Оқушылар PYP аясында өз пікірін білдіру, таңдау жасау және іс-әрекетке көшу арқылы өз оқуына жауаптылыққа үйрене отырып, дербестік пен белсенді ұстаным арқылы көшбасшылық қасиеттерін дамытады. Олар  шешім қабылдауға, ынтымақтаса жұмыс істеуге және мектеп қауымдастығының дамуына оң үлес қосуға ынталандырылады.

Орта мектеп бағдарламасы (MYP): Service as Action

MYP аясында оқушылар алған білімін маңызды жобаларды жүзеге асыруда қолдана отырып, Service as Action бағыты арқылы көшбасшылық қасиетін дамытады. Олар жауапкершілік, ынтымақтастық және қоғамдастық өміріне оң үлес қосуға ұмтылу дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

Дипломдық бағдарлама (DP): CAS

Дипломдық бағдарламада оқушылар бастамашылдық, өз іс-әрекетіне рефлексия жасауды, тұлғалық өсуді және қоғамдастық өміріне мағыналы үлес қосуды көздейтін түрлі іс-шараларға қатысу барысында CAS (Creativity, Activity, Service) компоненті арқылы көшбасшылық қасиеттерін одан әрі дамытады.

Мұндай жүйелі әрі сабақтастыққа негізделген тәсіл оқушының өзіне сенімді, қамқор, халықаралық ойлау қабілетіне ие көшбасшы болып өсуіне ықпал етеді.

Көшбасшылықты дамыту мүмкіндіктері

«Мирас» мектебінің оқушысына көшбасшылық қасиетін  келесі қызмет түрлері арқылы көрсетуге мүмкіндік беріледі. Олар:

  • Оқушылар кеңесінің жұмысына атсалысыу;
  • мектепішілік іс-шаралар мен оқушылар бастамаларын ұйымдастыру;
  • еріктілік қызмет пен әлеуметтік жобаларға қатысу;
  • төменгі сынып оқушыларына тәлімгерлік ету;
  • клубтар, комитеттер және сабақтан тыс іс-шаралар жұмысына қатысу;
  • қайырымдылық, экологиялық және ақпараттық-ағартушылық науқандарға жетекшілік ету;
  • байқаулар, конференциялар және түрлі іс-шараларда мектеп атынан өкілдік ету.

Көшбасшылықты дамыту мүмкіндіктері түрлі жастағы және қызығушылығы сан алуан оқушыларға қолжетімді. Бұл әрбір оқушыға өзінің мықты тұсын ашуға, қабілетін дамытуға және көшбасшылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Оқушылар бастамашылдығы мен дербестігі

Бағдарлама оқушылар дербестігі мен бастамашылдығын белсенді түрде қолдай отырып, төмендегілерге ынталандырады:

  • өз идеясын ұсынуға және жаңа жобаға бастамашылық етуге;
  • өз оқуына және іс-әрекетіне жауапкершілік арқалауға;
  • мәселені шешу мақсатында өзгелермен ынтымақтасуға;
  • шығармашылық көзқарасы пен инновациялық ойлауын дамытуға;
  • өз тәжірибесі мен жеке тұлғалық өсуін ой елегінен өткізуге.

Оқушыларға мектеп өмірінің белсенді қатысушысы бола отырып,  жағымды, инклюзивті және серпінді мектеп мәдениетін қалыптастыруға серіктес ретінде үлес қосуға мүмкіндік беріледі.

Негізгі дағдыларды дамыту

Көшбасшылық бағдарламасы шеңберінде оқушылар  өмір бойы қажетті келесі маңызды құзыреттерін дамытады:

  • көшбасшылық және ұйымдастырушылық дағдылар;
  • қарым-қатынас дағдысы мен көпшілік алдында сөйлеу дағдысы;
  • сыни ойлау және мәселелерді шешу дағдылары;
  • жауапкершілік және өз іс-әрекеті үшін жауап бере білу;
  • уақытты басқару және командада жұмыс істеу дағдысы;
  • өзіне деген сенім, ұстамдылық және өзгерістерге бейімделу қабілеті.

Жинақталған тәжірибе оқушыларды болашақтағы академиялық жетістіктерге, кәсіби табысқа және әлемдік қоғамдастықтың өміріне жауапкершілікпен қатысуға дайындауға көмектеседі.

Болашақ көшбасшы қалыптастыру

Көшбасшылық бағдарламасы IB оқушы бейінінің (IB Learner Profile) құндылықтары негізінде, қамқор да жоғары адамдық ұстанымына ие, өз тәжірибесін саралай білетін және халықаралық көзқарастағы жастарды тәрбиелеуге ықпал етеді.


Бастамашылдықты, жауапкершілікті және қоғамға қызмет етуге деген ұмтылысты дамыта отырып, «Мирас» оқушыларға айналасына оң үлгі болуға және мектеп қауымдастығының дамуына да, жалпы қоғамның өркендеуіне де елеулі үлес қосатын жауапты көшбасшыға айналуға ықпал етеді.

Қабылдауға өтінім

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз. Қабылдау комиссиясы мектепке түсу бойынша көмектеседі.

Мектепке экскурсия

Miras Almaty мектебіне келуге ыңғайлы күнді таңдаңыз. Күн мен уақытты растау үшін сізбен байланысамыз.

Күнді таңдаңыз. Мектеп қызметкері сізбен байланысып, келу күні мен уақытын растайды.