Қалай түсу керек

Қабылдау комиссиясына қош келдіңіз!
Алматыдағы «Мирас» халықаралық мектебі туралы түрлі тәсілдермен – онлайн немесе мектепке тікелей бару арқылы көбірек ақпарат білуге болады.
Біз отбасы мен жекелеген баланың қайталанбас ерекше жаратылыс екенін түсінеміз. Сондықтан сізде қосымша сұрақтар туындауы да заңды құбылыс. Егер біздің сайттан қажетті ақпарат таппаған болсаңыз, мектебімізбен танысудың әр сатысында қолдау көрсетуге, сұрақтарыңызға жауап беруге және оқуға қабылдау процесін мейлінше ыңғайлы етуге қуана көмектесеміз.
Біз әрқашан жаңа отбасымен танысуға қуаныштымыз және өзіңіз және балаңыз туралы көбірек білу мүмкіндігін асыға күтеміз.
Оқуға қабылдаудың бес қадамы
- Өтініш қалдырыңыз. Біздің команда оқуға қабылдау процесінің әр сатысында отбасын сүйемелдеуге және қолдауға дайын. Сіз электрондық пошта, телефон арқылы хабарласа аласыз немесе онлайн форманы толтыра аласыз. Форма көмегімен мектеп экскурсиясына жазылып, мектеп өмірі туралы көбірек ақпарат біле аласыз.
- Қабылдау тестілеуі. Толтырылған сауалнаманы алғаннан кейін қабылдау тобымыз оны алғанын растайды және балаңызды қабылдау күнін белгілеу үшін сізбен хабарласады. Біздің мектептің балаңызға сәйкес келетініне көз жеткізу үшін барлық үміткерлер қабылдау тестілеуінен өтеді. Ол қабылданатын сыныбына қарай жекелеген пәндер бойынша білімді тексеруден және/немесе мамандармен сұхбаттасудан тұруы мүмкін. Балабақша: психологпен және мектепке дейінгі білім беру үйлестірушісімен сұхбат. 1-3 сыныптар: психологпен және бастауыш сынып мұғалімімен әңгіме жүргізу. 4 -11 сыныптар: таңдалған оқыту тіліне сәйкес тестілеу; Оқу тілі – орыс тілі: орыс тілі, ағылшын тілі және математика. Оқу тілі – ағылшын тілі: ағылшын тілі және математика ағылшын тілінде. Оқу тілі – қазақ тілі: қазақ тілі, ағылшын тілі және математика. IB Diploma Programme бағдарламасына оқуға түсу (11-12 сыныптар): бірінші тіл – ағылшын тілі немесе орыс тілі; ағылшын тілі екінші тіл ретінде (ESL); математика.
- Оқуға қабылдану үшін ұсынылатын құжаттар. Оқуға қабылдау процесін аяқтау үшін отбасы барлық қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс. Бұл баланың мектепке қабылданғанын растайтын маңызды кезең.
- Шартқа қол қойыңыз. Барлық қажетті құжаттар ұсынылып, тексерілгеннен кейін оқу шартына қол қою мен жөлем жасау соңғы саты болып табылады. Құттықтаймыз! Сіздің балаңыз ресми түрде «Мирас» халықаралық мектебіне қабылданды!
- Өз жолыңызды бізбен бірге бастаңыз. «Мирас» қауымдастығына қош келдіңіз! Бірінші оқу күніне дейін балаңыз сәлемдесу жинағын, сынып бойынша бөлу туралы ақпаратты және танысу іс-шаралары кестесін алады.
Сұрақтарыңыз бар ма?
Егер сізде сұрақтар туындаса, бізбен онлайн форма, электрондық пошта немесе телефон арқылы байланыса аласыз.
Біз сізге оқуға түсудің әр сатысында қол ұшын беруге және Сіз үшін маңызды барлық сұрақтарға жауап беруге әрқашан дайынбыз.