Мазмұнға өту
Miras International School Almaty
Өтінім беру

Білім беру бағдарламасы

Алматыдағы Мирас халықаралық мектебінде біз ерте балалық шақтан университетке дайындыққа дейінгі үздіксіз білім беру жолын ұсынамыз, Қазақстан Республикасының білім беру стандарттарын Халықаралық бакалавриат (IB) континуумымен біріктіреміз.

Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебінде біз Қазақстан Республикасы білім беру стандарттарын Халықаралық Бакалавриат (IB) бағдарламасымен үйлестіре отырып, ерте сәби шақтан бастап университетке түсуге дайындыққа дейінгі біртұтас білім беру жүйесін ұсынамыз. Мұндай интеграцияланған қатынас көптілді білім беру ортасын құрып, халықаралық ойлау жүйесіне баулиды және оқушылардың Қазақстанда да, шетелде де әрі қарай оқу мүмкіндіктерін жол ашып, жоғары академиялық даярлық деңгейін қамтамасыз етеді.

Біздің білім беру бағдарламалары оқушыларға сын тұрғысынан  қарау,  мәнді сұрақтар қою және түрлі пәндер мен нақты өмірлік жағдайлар арасында байланыс орнату ұсынылса мейлінше тиімді оқып-үйрену жүзеге асады деген сенімге негізделген. Қазақстандық мемлекеттік стандарттар мен IB бағдарламасының интеграциясы берік академиялық негізді қамтамасыз ете отырып, бір мегілде зерттеу дағдыларын, креативтілік пен дербестікті дамытады.

Интеграцияланған білім беру моделі

Оқытудың әрбір сатысында «Мирас» мектебі Қазақстан Республикасы білім беру стандарты талаптарын халықаралық тәсілдермен және Халықаралық Бакалавриат стандартымен үйлестіретін кіріктірілген бағдарламаны іске асырады.

Мұндай модель оқушыларға келесі мүмкіндіктер береді:

  • ұлттық академиялық талаптар мен қорытынды аттестаттау стандарттарына сәйкес келу;
  • зерттеушілік және тұжырымдық ойлауды, ақпаратты талдау мен сын тұрғысынан бағалау қабілетін дамыту;
  • бірнеше тілде қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
  • халықаралық мойындалған  білім беру тәсілдеріне сәйкес оқып-үйрену;
  • Қазақстан мен өзге де елдердегі жоғары оқу орындарына оқуға түсуге сапалы дайындық алу.

Ұлттық және халықаралық білім беру тәсілдерінің кіріктірілуі оқытудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді және оқушыларға қазіргі жылдам өзгермелі  әлемде дұрыс бағдар табуға көмектеседі.

Алматыдағы Мирас халықаралық мектебінде бірлесіп оқитын оқушылар
Мирас мектебіндегі зерттеуге негізделген көп тілді оқу ортасы

Зерттеу тұрғысынан оқыту және көптілде білім беру

Зерттеушілік тәсіл «Мирас» мектебіндегі білім беру процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Оқушылар мәнді сұрақтар қоюға, түрлі идеяны өз бетімен немесе бірлесіп зерттеуге, ақпаратын жәй есте сақтау емес, алған  білімін іс-тәжірибеде қолдануға үйренеді. Мұндай қатынас ақпаратты ой елегінен  өткізе алатын, өз оқуын дербес ұйымдастыра алатын білімге құштар, ізденімпаз тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.  

Мектеп оқушылардың академиялық және тұлғалық дамуында қазақ, ағылшын және орыс тілдері маңызды рөл атқаратын көптілді білім беру ортасын құрады. Дипломдық бағдарлама шеңберінде қосымша тілдерді, соның ішінде француз және испан тілдерін үйрену мәдениетаралық түсіністік пен жаһандық коммуникация дағдысын дамытуға ықпал етеді.

«Мирастағы» білім беру бағдарламасы сатылары

Алматы «Мирас» халықаралық мектебі келесі бағдарламаларды қамтитын дәйекті білім беру траекториясын ұсынады:

Бастауыш мектеп · IB PYP

Бастауыш мектеп бағдарламасы (IB PYP)

IB бастауыш білім беру бағдарламасы (PYP) ерте сәби шақтан 4-сыныпқа дейінгі кезеңді қамтиды және зерттеу тәсілі арқылы әуестікті, базалық білімді, қарым-қатынас дағдысын және оқуға құштарлықты  дамытады.

Орта мектеп · IB MYP

Орта мектеп бағдарламасы (IB MYP)

IB орта деңгейлі бағдарламасы (MYP) 5-10 сыныптарда жүзеге асырылады және тұжырымдық түсінікті, сыни ойлауды, шығармашылық пен халықаралық ойлауды дамыта отырып, ауқымды және теңдестірілген білім береді.

11-сынып · Ұлттық бағдарлама

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бағдарламасы, 11-сынып

10-сыныптан кейін оқушылар ұлттық білім беру стандарты талаптарын халықаралық тәсілдермен үйлестіретін университетке түсу және оқуға дайындалуға арналған Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыра алады.

Жоғары мектеп · IB DP

Дипломдық бағдарлама  (IB DP)

Дипломдық бағдарлама (IB DP) – бұл пәндерді тереңдетіп оқу, өзіндік зерттеу жұмысы және жеке тұлғаны жан-жақты дамыту арқылы оқушыларды әлемнің жетекші университетінде оқуға дайындайтын университетке дайындық бағдарламасы.

Әрбір бағдарлама туралы толық ақпарат сайтымыздың сәйкес  бөлімдерінде берілген.

Өнер, спорт және қоғамдық қызметке қатысатын оқушылар

Жан-жақты даму

«Мирас» мектебінде білім беру академиялық жетістіктер шеңберінен асып түседі. Біз шығармашылық және спорттық бағдарламаларға, қоғамдық іс-шараларға, көшбасшылық бастамаларға және мектеп қоғамдастығының әртүрлі жобаларына қатыстыру арқылы оқушылардың үйлесімді, қамқор және халықаралық ой-өріске ие тұлға ретінде жан-жақты дамуына жағдай жасаймыз.

IB (IB Learner Profile) оқушысы бейініне сүйене отырып, біз принципшіл, ой-өрісі кең, жаңа идеяға ашық, жергілікті және халықаралық қоғамдастық дамуына өзіндік үлес қосуға дайын, қиындыққа төзімді оқушы тәрбиелеуге ұмтыламыз.

Өтінім беру немесе кампусқа келу

Біздің бағдарлама балаңыздың кезеңіне және тілдік таңдауына қалай сай келетіні туралы көбірек білу үшін сапарға тіркеліңіз немесе қабылдау комиссиясымен байланысыңыз.

Қабылдауға өтінім

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз. Қабылдау комиссиясы мектепке түсу бойынша көмектеседі.

Мектепке экскурсия

Miras Almaty мектебіне келуге ыңғайлы күнді таңдаңыз. Күн мен уақытты растау үшін сізбен байланысамыз.

Күнді таңдаңыз. Мектеп қызметкері сізбен байланысып, келу күні мен уақытын растайды.