Бос жұмыс орындары

Неліктен «Мирас» мектебінде жұмыс істеу мәртебелі?
«Мирас» халықаралық мектебі – Халықаралық бакалавриат ұйымының (IB) авторизациясынан өткен, IB-дың үш білім беру бағдарламасын Қазақстан Республикасы мемлекеттік білім беру стандарттарымен ұштастыра жүзеге асыратын мектеп. Педагогтарымыз көптілді әрі көпмәдениетті ортада жұмыс істей отырып, оқытуды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіеді.
Халықаралық білім беру ортасы
Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) аккредитациясынан өткен, PYP, MYP және DP бағдарламаларын іске асыратын Халықаралық бакалавриат мектебі.
Кәсіби тұрғыдан шыңдалу
Мектеп мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, IB семинарларға және халықаралық конференцияларға қатысуына мүмкіндік туғыза отырып, педагогтарының кәсіби шеберлігін үздіксіз дамытуды көздейді.
Тату мектеп қауымдастығы
Ортақ құндылықтар, өзара құрмет, ынтымақтастық және ортақ жетістікке ұмтылыс тоғыстырған педагогтар, оқушылар және ата-аналардан құралған көптілді мектеп қауымдастығы.
Іріктеу және еңбекке орналасу сатылары
- Түйіндеме жіберу. Түйіндемеңіз бен оған қысқаша ілеспе хатыңызды төменде көрсетілген кадрлар бөлімінің электрондық поштасына жіберіңіз. Онда өзіңізді қызықтыратын лауазымды көрсетіп, кәсіби тәжірибеңіз бен жұмысқа деген уәжіңіз туралы қысқаша баяндаңыз.
- Өтінімді қарастыру. Кадрлар бөлімі мамандары келіп түскен өтінімдерді қарастырып, бастапқы іріктеуден өткен үміткерлермен екі апта ішінде хабарласады.
- Сұхбат және көрсетілім сабағы. Бастапқы іріктеуден сәтті өткен үміткерлер мектеп басшылығы өкілдерімен сұхбаттасуға шақырылады. Педагогикалық бос орындарға үміткерлердің көрсетілім сабағын өткізуі де ұсынылуы мүмкін.
- Жұмысқа қабылдау жөніндегі ұсыныс және бейімделу
Іріктеу нәтижелері бойынша сәтті өткен үміткерлерге жұмысқа қабылдау туралы ұсыныс жіберіледі. Ұсыныс қабылданғаннан кейін мектеп жаңа қызметкерлерге бейімделу кезеңінде ұжыммен танысуға, жұмыс ортасына үйренуге және өз міндеттеріне сенімді түрде кірісуге көмектесе отырып, жан-жақты қолдау көрсетеді.