«Мирас» мектебінің білім беру гранттары бағдарламасы

Болашақ көшбасшыға салынатын инвестиция
«Мирас» мектебінің білім беру гранттары бағдарламасы дарынды әрі ынталы оқушыларға Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебінде оқу ақысының 100%, 50% немесе 30% мөлшерін қамтитын білім беру грантын алу мүмкіндігін ұсынады.
Бағдарлама «Халық» қайырымдылық қоры және «NNEF» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылады. Оның мақсаты – жоғары академиялық нәтижеге қол жеткізген оқушылардың көшбасшылық қасиетін, шығармашылық қабілетін және жеке тұлғалық дамуға деген ұмтылысына қолдау жасау арқылы сапалы халықаралық білім алуға кеңірек мүмкіндік беру.
Білім беру гранттары 10 және 11-сыныптарға оқуға түсетін оқушыларға, соның ішінде Халықаралық бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасы (IB Diploma Programme) бойынша білім алуды жоспарлаған үміткерлерге беріледі.
Білім беру грантының артықшылықтары
Білім беру гранты келесілерді көздейді:
- оқу ақысының 100%, 50% немесе 30% мөлшерін өтеп беру;
- халықаралық деңгейде мойындалған білім беру бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігін ұсыну;
- халықаралық білім мен жаһандық ойлауға бағытталған көптілді ортада оқуға мүмкіндік беру;
- университетті таңдау және болашақ кәсіби жолды жоспарлау барысында жеке қолдау көрсету;
- көшбасшылық қасиетті дамыту бағдарламасына, зерттеу жұмысына, қоғамдық бастамалар мен сыныптан тыс іс-шараларға қатысу мүмкіндігін беру.
Білім беру гранты бір оқу жылына беріледі және оқушы бағдарламаның академиялық үлгерім мен мінез-құлыққа қатысты талаптарын орындаған жағдайда, жыл сайын ұзартылуы мүмкін.
Кімдер қатыса алады?
Конкурсқа Алматы қ. «Мирас» халықаралық мектебінің 10 немесе 11-сыныбына оқуға түсетін Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады.
Үміткерлер төмендегі нәтижелерді көрсетуі тиіс:
- жоғары академиялық нәтиже;
- таңдалған білім беру бағдарламасына сәйкес пәндер бойынша үздік жетістік;
- академиялық талап жоғары білім беру ортасында оқуға деген жоғары ынта;
- академиялық, шығармашылық, спорттық немесе қоғамдық қызметке белсенді қатысып, жетістіктерге қол жеткізу.
Іріктеу критерийлері
Білім беру грантын алу конкурсы жыл сайын ақпан мен маусым айлары аралығында өткізіледі және бірнеше сатыны қамтиды.
1. Өтініш беру
Ақпан — Наурыз
Үміткер төмендегі құжаттарды ұсынады:
- конкурсқа қатысу үшін толтырылған өтінім;
- академиялық транскрипт пен үлгерім табельі;
- сертификат, марапат және жетістіктерді растайтын өзге де құжаттар;
- Қабылдау комиссиясы сұрауы бойынша қосымша құжаттар.
2. Қабылдау емтихандары
Сәуір — Мамыр
Үміткерлер келесі бағыттар бойынша қабылдау емтиханын тапсырады:
- оқу тілі (қазақ, орыс немесе ағылшын тілі);
- егер ағылшын тілі таңдалған оқу тілі болмаса, ағылшын тілі пәні;
- математика.
Ағылшын тілінде білім алуға және Халықаралық бакалавриат бағдарламасына түсетін үміткерлер оқу үдерісінде табысты білім алуға қажетті тілдік деңгейін анықтау мақсатында ағылшын тілінде сұхбаттасудан да өтеді.
3. Портфолионы қарау
Маусым
Конкурстық комиссия әр үміткердің портфолиосын келесі көрсеткіштер негізінде бағалайды:
- академиялық жетістіктері;
- олимпиадалар, конкурстар мен емтихандар нәтижелері;
- шығармашылық және спорттық жетістіктері;
- көшбасшылық және сабақтан тыс қызметі.
4. Білім беру грантын тағайындау
Маусым айының соңы
Қорытынды шешімді «Халық» қайырымдылық қоры, «NNEF» қоғамдық қоры және «Мирас» халықаралық мектебі өкілдерінен құралған Конкурстық комиссия қабылдайды.
Стипендия тағайындау
Білім беру гранттары іріктеудің барлық сатысындағы үміткер нәтижесін кешенді бағалау қорытындысы бойынша конкурстық негізде тағайындалады.
Іріктеу критерийлері
Үміткерлер келесілер ескерілетін кешенді тәсілі негізінде бағаланады:
- академиялық жетістіктері;
- қабылдау емтиханы нәтижесі;
- жетістіктер портфолиосы;
- табысты білім алуға деген ынтасы мен әлеуеті;
- жеке жетістіктері мен көшбасшылық қасиеті.
Үміткерлер нәтижелері өзара тең болуы барысында әлеуметтік осал санатқа жататын оқушыларға, сондай-ақ ұлттық немесе халықаралық деңгейде ерекше жетістіктерге қол жеткізген үміткерге басымдық берілуі мүмкін.
Жыл сайынғы конкурс
Білім беру гранттары бағдарламасы жылына бір рет өткізіледі. Өтінім қабылдау ақпан айында басталып, конкурс нәтижесі маусым айында жарияланады.
Конкурстың нақты мерзімі, құжатқа қойылатын талаптар және оны өткізу ережесі жыл сайын мектептің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жарияланады.
Байланыс
«Мирас» мектебінің білім беру гранттары бағдарламасы немесе өтінім беру тәртібі туралы қосымша ақпарат алу үшін Қабылдау комиссиясына хабарласыңыз: