Мазмұнға өту
Miras International School Almaty
Өтінім беру

Қосымша білім беру қызметі орталығы (ҚБҚО)

«Мирас» халықаралық мектебінің қосымша білім беру қызметі орталығы оқушылардың  өз бойындағы талант ұшқынын дамытуға, шығармашылық әлеуетін ашуға және жаңа дағдыларды меңгеруге кең мүмкіндіктер ұсынады. Бағдарлама бес бағытта ұсынылған: музыка, спорт, тіл, шығармашылық және ғылыми.

Негізгі бағыттар

Музыка бөлімі

Музыка бөлімі

  • Фортепиано
  • Сольфеджио
  • Гитара
  • Домбыра
  • Вокал
  • Скрипка

Спорт бөлімі

  • Футбол
  • Таеквондо
  • Жүзу
  • Каратэ
  • Баскетбол
Спорт бөлімі
Тіл курстары

Тіл курстары

  • Ағылшын тілі
  • Қазақ тілі
  • Француз тілі
  • Орыс тілі

Шығармашылық курстар

  • Хореография
  • Кескіндеме
  • Digital and visual art әлі
Шығармашылық курстар

Нақты ғылымдар

  • Математика
  • Математика бойынша халықаралық SAT емтиханына дайындық

Сабақтарды ұйымдастыру

Хореография

Сабақтар оқушылардың жас деңгейі ескеріле отырып құрылған топтарда өткізіледі. Бағдарламада классикалық және заманауи хореография қамтылады. Оқушылар қалалық, республикалық және халықаралық конкурстарға, сондай-ақ мектеп іс-шараларына қатысады.

Сабақ кестесі: аптасына екі рет 40 минуттан.

Музыка бөлімі

Бағдарлама жеке және топтық сабақтар кіреді. Фортепиано мен гитарада ойнау жаттығулары жеке-жеке өткізіледі, ал вокал, скрипка, домбыра және сольфеджио сабақтары жеке де, топтық түрде де ұйымдастырылады.

Оқушылар мектеп іс-шараларында өнер көрсетеді және қалалық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысады. Оқу жылы ішінде екі есептік концерт өткізіледі.

Оқуды аяқтағаннан кейін оқушылар мамандығы бойынша қорытынды емтихан тапсырады және «Мирас» халықаралық мектебі жанындағы балалар музыка мектебін бітіргеніжөнінде куәлік алады.

Сабақ кестесі: аптасына екі рет 40 минуттан.

Спорт секциялары

Сабақтар негізінен жас деңгейі бойынша құрылған топтарда өткізіледі. Жүзуге үйрену үшін жеке және топтық оқыту форматы қарастырылған. Оқушылар Алматы қаласының жекеменшік мектептері арасындағы жарыстарға қатысады.

Таеквондо секциясында жылына екі рет Алматы «ИТФ» таеквондо федерациясы (International Taekwon-Do Federation) өкілінің қатысуымен белбеулер алу бойынша және біліктілікті арттыруға  қатысты аттестаттау өткізіледі.

Сабақ кестесі: 40 минуттан аптасына екі-үш рет.

Тіл курстары

Сабақтар жеке және 5-7 адамнан тұратын шағын топтарда өткізіледі. Бұл формат дербес қатынас пен  топтық оқытудың артықшылықтарын үйлестіре отырып, әр оқушының дайындық деңгейі мен жеке қажеттілігін ескеруге мүмкіндік береді. Мұнда практикалық тілдік дағдыларды дамытуға, оқып-үйренетін материалды түсінуге және тілді күнделікті қарым-қатынаста сенімді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді.

Сабақ кестесі: аптасына екі рет 40 минуттан.

Кескіндеме

Сабақтар оқушылардың жеке қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып топтық түрде өткізіледі. Бағдарлама көркемдік ойлауды дамытуға, шығармашылық әлеуетті ашуға және өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етеді.

Оқу барысында студенттер кескіндеменің түрлі техникасымен танысады, композиция мен бояу негіздерін меңгереді, әртүрлі көркем материалдармен жұмыс істеуге үйренеді.

Оқушылардың жұмысы мектеп және мектептен тыс көрмелерге қойлады, онда олар өз жетістігін көрсетіп, кері байланысқа түсе алады.

Сабақ кестесі: аптасына екі рет 40 минуттан.

Digital and Visual Art

Курс оқушыларды заманауи цифрлық өнер мен иллюстрация бағыттарымен таныстырады. Оқыту келесілерді қамтиды:

•  Procreate графика бағдарламасын меңгеру;

•  танымал иллюстраторлар шығармашылығымен таныстыру;

• техникалық тапсырма құрастыру және оны түсіну принциптерін зерттеу;

• комикстер, концепт-арт, кейіпкерлер дизайны және коммерциялық иллюстрацияны қоса алғанда, түрлі жанр иллюстрациясын жасау;

• бейнелеу өнері негіздерін оқып-үйрену және оларды практикалық шығармашылық жобаларда қолдану.

Бағдарлама оқушылар жасы мен дайындық деңгейіне бейімделген үш деңгейден тұрады:

• Бастапқы деңгей-1-4 сыныптар: сурет салу негіздері, Procreate-пен танысу және иллюстрация әлеміне кіріспе. Аптасына екі рет 40 минуттан.

•  Орта деңгей-5-8 сыныптар: көркемдік дағдыларды дамыту, цифрлық құралдар мен иллюстрация  түрлерін игеру. Аптасына екі рет 60 минуттан.

• Жетілдіруші деңгей-9-12 сыныптар: Digital Art-ты тереңдетіп үйрену, өз жобаларын жасау және заманауи цифрлық иллюстрация әдістерін меңгеру.

Сабақ кестесі: аптасына екі рет 80 минут.

Ғылыми курстар: математика және SAT

Курстар негізгі және орта мектеп оқушыларына арналған. Сабақтар оқушылардың дайындық деңгейі мен білім алу қажеттілігін ескере отырып, жеке және топтық тұрғыда өткізіледі.

Математика бағдарламасы базалық білімді  бекітуге, есеп шешуде математикалық ойлау мен сенімділікті дамытуға бағытталған. Негізгі назар практикалық жұмысқа, түрлі деңгейдегі есептерді шешуге және бақылау жұмыстарына дайындалуға аударылады.

Математика бойынша SAT-қа дайындық –  бұл жоғары сынып оқушылары үшін емтихан есептерін шешу дағдыларын дамытуға және шетелдік университеттерге түсуге  дайындыққа бағытталған мамандандырылған курс.

Сабақ кестесі: аптасына екі рет 40 минуттан.

Әлеуетіңізді ашыңыз

Қосымша білім беру қызметтері орталығы әрбір оқушыны жаңа қызығушылықтарды зерттеуге, бар таланттарын дамытуға және сыныптан тыс дағдыларды қалыптастыруға шақырады. Музыка, спорт, тілдер, шығармашылық өнер немесе академиялық байыту болсын, CAES оқушылардың сенімділікпен және қызығушылықпен өсуіне қолайлы орта құрайды.

Қабылдауға өтінім

Байланыс деректеріңізді қалдырыңыз. Қабылдау комиссиясы мектепке түсу бойынша көмектеседі.

Мектепке экскурсия

Miras Almaty мектебіне келуге ыңғайлы күнді таңдаңыз. Күн мен уақытты растау үшін сізбен байланысамыз.

Күнді таңдаңыз. Мектеп қызметкері сізбен байланысып, келу күні мен уақытын растайды.